Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Сейсенбі күні аудандық мәдениет Үйінде «Нұр Отан» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалының кезектен тыс XXV конференциясы болып өтті. Конференцияны партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбеков ашып, жүргізіп отырды. Жиын барысында 4 мәселе қаралды. Олар: «Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының төрағасын сайлау, партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу, сондай-ақ, «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен», «Халыққа көмек» атты партиялық жобалардың іске асырылу барысы, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс XXV конференциясына делегаттар сайлау.
Айта кетейік, кезектен тыс өткен конферецияға «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық Саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлдара Нұрымова, аудан әкімі Ерболат Садырқұлов, партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің бюро мүшелері, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, «Жас Отан» Жастар қанаты кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және журналистер қатысты.
Күн тәртібінде қаралған бірінші және екінші мәселе бойынша өз пікірін ортаға салған Гүлдара Алданышқызы «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының келісіміне орай партияның аудандық филиалының төрағалығына аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың кандидатурасын ұсынып, жиынға қатысушыларды аудан әкімін қолдауға шақырды. Конференцияға қатысушы делегаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Өз кезегінде аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы нұротандықтардың зор сеніп артып, қолдау білдіргеніне жеке алғысын айтты.
Конференцияда үшінші мәселе бойынша сөз сөйлеген партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбеков: – 2019 жылдың 27 ақпанында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өткендігі баршамызға белгілі. Бүгінде елімізде ең үлкен саяси күшке ие бас партия өзінің стратегиялық бағытын айқындаған, мемлекет халқының әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсартуға әрі белсенді позициясы арқылы ұлттың ықыласына бөленіп келе жатқан бастамашыл қоғамдық ұйымның бірегейі болып саналады. Сондықтан да «»Нұр Отан» партиясының әрбір бастамаларының өзіндік жөні бөлек деп есептеймін. Жыл басында өткен съезде партия төрағасы «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен», «Халыққа көмек» сынды жобаларды ұсынған болатын. Бұл жобалардың түпкі мақсаты халықтың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға арналған іс-шаралар қатарында тұр. Құрметті әріптестер! «Нұр Отан» партиясы ұсынып отырған ауқымды жобаларды іске асыру бір адамның, не болмаса бір ұйымның қолынан келетін шаруа емес. Бұл барша отандастарымыз бірлесіп атқаратын жауапті іс екенін айтқым келеді. Өйткені, нұротандықтардың мақсаты мен көздеген мүддесі бір, -деді ол. Содан соң конференцияда қаралған мәселелерге қатысты жарыссөзге аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов пен Ахмет Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектептің директоры, «Көкдөнен» бастауыш партия ұйымының төрайымы Айгүл Әскербекқызы шығып, өз көзқарасын білдірді. Конференция соңында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс өтетін XXV конференциясына ауданнан 19 делегат сайланып, конференцияға жиналғандар оларға бірауыздан колдау көрсетті.
Марат ДИХАНБАЙ.