ОБЛЫС ӘКІМІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ АУДАНҒА ІС САПАРЫ

1 042 Views

Өткен аптада ауданымызға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев пен облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашевтің жұмыс сапары Құмарық ауылындағы жаңа салынған малдәрігерлік пунктінен басталды. Осы орайда, біз мына жайтты жазуға тиіспіз. Медпункт қызметкері Мұратхан Жүнісәліұлы қойған сауалдарға тосырқап жауап беріп отырды. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары аталмыш пункт тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы жайында сөз қозғап, көптеген сын-ескертпелер айтты. Бұдан соң, Мұратхан Шүкеев пен Берік Нығмашев Шалқар Төкеевтің шаруа қожалығына тоқтап, оның мал бордақылау алаңының негізгі жұмысымен танысты.Тек қана егін шаруашылығымен айналысып

 қоймай, ет өндіру бағыты бойынша да өз кәсібін ілгері дамытып отырған Шалқар Төкеевтің толымды тірлігіне о б л ы с ә к і м і н і ң о р ы н б а с а р ы ө з ризашылығын білдірді. Одан кейін, арнайы іссапармен келген қонақтар Қарақыстақ ауылындағы 20 гектарға

 қант қызылшасын еккен «Елдар» шаруа қожалығының егіс алқабына барды. Кәсіпкер Бейбіт Намазбаев тәтті түбірді егу оңай болғанымен, өнімнің жұмысы нағыз бейнеттің өзі екенін сөз етті. «Қант қызылшасы суды көп қажет ететін дақыл. Өкінішке орай, біздің ауданда су мәселесіне келгенде біраз проблемалар бар. Сондықтан кәсіпкерлердің көбісі қызылша егуден тартыншақтайды. Әйтеуір, ауыл әкімі Ораз Танкеевке рахмет. Қызылшаны суаруға келгенде бізге көп көмегі тиді» дейді ол. Өз кезегінде ақсақал айтқандай, су мәселесі қазіргі таңда аудан диқаншылары үшін өзекті тақырыптардың бірі болып отырғанын жасырмай айтқан облыс әкімінің орынбасары қожалық жетекшісінің еңбегіне табыс тіледі.

Содан соң, Мұратхан Жүнісәліұлы мен Берік Нығмашев осыдан үш жыл бұрын іске қосылған «Астана» шаруа қожалығының сүт өнімдерін өндіретін ш а ғ ы н з а у ы т ы н ы ң ж ұ м ы с ы м е н танысты. Арнайы ыдыстардағы айран, сүт, қаймақ, ірімшік, сары май, иогурт өнімдерін шығаратын зауыттың жобалық құны 80 миллион теңге екен. Өкінішке орай, тәулігіне 9, жылына 2700 тоннаға дейін өнім өндіреді деп жоспарланған «Астана» шаруа қожалығының жұмысы әзірге тұралап тұр. Мұнда да Мұратхан Жүнісәліұлы сүт өндіру бағыты бойынша құрылған кооперативтің жұмысымен әуелден таныс екенін айтып, өз ұсыныс-нұсқауларын берді.

Түс ауа облыс әкімінің орынбасары мен ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы «Сұлутөр» кинотеатрында кәсіпкерлер мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша несиелендіретін қаржы институттары өкілдерімен өрбіген келелі жиынға қатысты. Жиын барысында Берік Болатұлы бағдарлы баяндама жасап, өңірдегі ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан ілкімді тірліктерді жіпке тізіп айтып берді. Берік Нығмашев өзінің баяндамасында басқарма тарапынан ауыл шаруашылығы бойынша бірнеше бағытта мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылып жатқанын сөз етіп, «Қолдау.kz» сайтының кәсіпкерлерге тигізер зор мүмкіндігін айтып берді.

Одан соң, облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев пен ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Қабылдауға тіркелген азаматтар мен азаматшалар өздерін толғандырған сұрақтары мен өтініш- тілектерін жеткізді. Айталық, қоғамдық қ а б ы л д а у д а « Қ ұ л б а р а қ » ш а р у а қожалығының жетекшісі, аудандық мәслихаттың депутаты Қадірбек Құлбарақов мынадай мәселе көтеріп, сұрақ қойды. «Астықты аудандардың бірегейі болып есептелетін Құланда бүгінгі таңда мақтағанның өзінде, егін оратын қомбайнның 20 пайызы ғана жаңа. Қалған 80 пайызы ескі комбайндар. Көрдіңіз бе? Қарапайым еңбек адамы ретінде мен бұл фактіні біліп отырмын. Осы бойынша мағлұмат білгім келеді» дейді ол. Кәсіпкердің бұл сауалына аудан әкімі Ерболат Садырқұлов пікір білдіріп, нақты деректерге сүйене отырып мазмұнды жауап қайырды. Ал, келесі сұрақ қоюшы Қарақыстақ ауылындағы «Еркін таң» шаруа қожалығының басшысы Еділ Жамансариев істеп жатқан тірлігі оңға басқанымен жер мәселесіндегі қарама-қайшылықтар мен электр жарығы сынды проблемалар кәсібіне кедергі келтіріп отырғанын айтты. Кәсіпкермен бұл мәселе турасында жан-жақты әңгіме қозғаған Мұратхан Жүнісәліұлы аудан басшысына осы проблеманы зерделеу қажет екенін айтып, тапсырма жүктеді.

Мұратхан Жүнісәліұлының облыс әкімінің арнайы бекітілген алгоритмі аясында ауданға жасаған іссапары облыс әкімдігінің бірқатар басқарма басшылары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары және ауыл әкімдерінің қатысуымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында өрбіген кеңес отырысымен  қорытындыланды.

СУРЕТТЕРДЕ: облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевтің аудан шаруашылықтарын аралау сәті.

Поделиться ссылкой: