Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы сараланды

737 Views

Өткен аптаның соңында аудан әкімдігінің мәжілісі болып өтті. Оған аудан әкімі мен оның орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.

Ағымдағы жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша аудан ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1896,7 млн. теңгені құрап отыр. Нақты көлем индексі – 105,4 %-ға орындалған. Өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда өнім 126,3 млн теңгеге, яғни, 7,1 %-ға өсіп отыр. Бұл туралы аудан басшысы Ерболат Садырқұловқа атқарылған жұмыстар туралы есеп берген экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ләззат Сапарбекова мәлімдеді. Бөлім басшысы сонымен қатар, ауданның а у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы с а л а с ы н а тартылған инвестиция жайын да сөз етті. 2019 жылдың алғашқы 3 айының өзінде аталмыш салаға 650,8,0 млн. теңгенің инвестициясы тартылған.

Ауданда көктемгі егіс жұмыстары да жүйелі түрде атқарылуда. Мәселен, осы жұмыстарды орындау мақсатында облыс пен аудан әкімі және облыстық басқарма арасында келісімдер жасалынып, бұйрықпен бекітілген. Бүгінде тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп, егін шаруашылығын дамыту, әртараптандыру және сандық көрсеткіштен сапалық көрсеткіштерге бет бұру басты назарға алынған.

Ләззат Тәліпбекқызы мұнан бөлек мал шаруашылығы, өнеркәсіп өндірістері, салық, бюджет, құрылыс, жұмыссыздық пен кедейшілік, тұрғын үй көмегі, ауыз су, газбен қамту, білім, спорт сынды салаларға кеңінен тоқталып, атқарылған жұмыстарды баяндап берді.

М ә ж і л і с т і ң к ү н т ә р т і б і н д е өзге де өзекті мәселелер қаралды. Мысалы, жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету, кейбір мемлекеттік мекемелердің штаттық бірлігі, әкімдік жанынан тұрғын үй мәселелері жөніндегі комиссияның қайта құру сынды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ж.БАЗЫЛБЕКОВ

Поделиться ссылкой: