Ардагерлерді құттықтап қайтты

1 058 Views

Мамыр айының 8-ші жұлдызында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов Ұ л ы О т а н с о ғ ы с ы н а қ а т ы с қ а н ардагерлердің үйлеріне барып, қонақ болды. Аудан басшысының ондағы мақсаты – сұрапыл соғысты өз көзімен көрген майдангерлерді Жеңіс күнімен құттықтау болатын. Құттықтаушылар қатарында аудан әкімінен бөлек оның орынбасары Бейсенбек Әлпейісов және аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов та болды.

А л д ы м е н е н а у д а н б а с ш ы с ы Құланның құрметті қариясы Жақан Мырзахметовтың шаңырағына ат басын бұрды. Шындығын айту керек, өзін арнайы құттықтай келген жандарды к ө р г е н д е қ а р и я қ а т т ы қ у а н д ы . Ақсақалдың аузынан «Айналайын, қарақтарым, келіңдер!» деген жылы сөздер жоғарыдағы айтқандарымыздың айқын дәлелі. Мерекеге арнайы жайылған дастарқан басында ардагер мен ауданның атқа мінер азаматтарының арасында ұзақ әңгіме өрбіді. Қанды шайқастың куәгері атанған ақсақал майданда орын алған оқиғаларды сөз етіп, келген қонақтармен бөлісіп отырды. Ерболат Салқынбекұлы өз кезегінде қарияға ұзақ өмір, зор денсаулық тілеп, мерекеге арнайы даярланған сый-сияпатын ұсынды.

Дәл осындай сый-құрмет Жақсылық ауылының тумасы Асаубай Сүлейменов пен Көгершін ауылының тұрғыны Игенбек Құрбановқа да көрсетілді. Ақсақалдар аудан басшысының құрметіне дән риза болып, өз батасын берді.

Ардагерлерді құттықтау кезінде қызық бір жайтты байқап қалдық. Құдды бір келісіп алғандай үш майдангерде «Енді еліміз де соғыс болмасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деді бата берер сәтте. Бұл сөздер арқылы ардагерлер сол бір сұрапыл соғыстың қиын болғандығын және оның қайтадан орын алғанын қаламайтындықтарын аңғартқысы келгендей.

ҰОС-ның ардагерлері биыл Жеңіс күнін 74-ші рет қарсы алып отыр. Осы аралықта оларға жыл сайын қаржылай көмектер көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табысталып келеді. Мәселен, биыл тұрарлық ардагерлерге 150000 теңге көлемінде қаржы берілді. Алдағы уақытта аудандық бюджет қаражатынан дәл осындай көлемде тағы да қаржылай көмек көрсету аудан басшыларының жоспарында бар. Жеңіс күнін асыға күтетін жандарға қанша құрмет көрсетілсе де артық етпейді.

74 жыл. Бағамдап, саралап қарасақ, аз уақыт емес, әрине. Кәдімгідей бір адамның өмірі. Дегенмен, арамызда бұл күнге жеткен де, жетпеген де бар. Мәселен, былтыр аудандағы ардагерлер саны 5-еу болатын. Ал, биыл ардақты азаматтарымыздың саны 2-ге азайып, көзі тірі майдангерлердің 3-еуі ғана қалыпты. Мұнымен айтайын дегеніміз, барымызды бағалап, ардагерлерді ардақтауға асығайық, ағайын!

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

 

Поделиться ссылкой: