Келелі жиын өтті
21 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Ұстаз болу — өз уақытыңды аямай өзгенің бақытын аялау» деген сөзі бар. Қарақыстақ ауылының тұрғыны, зейнеткер ұстаз, бүгінгі біздің кейіпкеріміз Бауыржан Намазбаев осы сөзге әбден лайық азаматтың бірегейі.
«Фейсбук» әлеуметтік желісінен кейіпкеріміздің Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай Қарақыстақ ауылы мен Абай ауылындағы 10 шақырым аралық жолды жүгіріп өтіп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне қойылған ескерткішке келіп, бабалар рухына тағзым еткенін оқып едік. Жақын күндері Бауыржан ағамыз редакциямызда болды. Сөйлестік. Шіркін, ауданымызда Баукең секілді азаматтар көп болса ғой. Әңгімесі қандай керемет. Тыңдай бергің келеді…
Қыркүйек айында 70 жасқа толатын Бауыржан Мақұлбайұлының ізетті әрі кішіпейіл жан екенін сөз басында айттық. 70 жасқа таяған біраз кісілерді білеміз ғой. Ақиқатын айту керек, Баукең өз қатарластарынан әлдеқайда жас көрінеді. Өйткені, кейіпкеріміз спортты жанына серік еткен. Жүгіру – Бауыржан Мақұлбайұлының хоббиі десек болады.
«Несін жасырамыз, жастар жалқау қазір. Бос уақыттарын қалай тиімді пайдалануды білмейді. Олардың дені бос уақытын компьютерлік клубтарда өткізеді. Өз басым спорт адам баласына сергектік сыйлайды деп түсінемін. Мінеки, 70-ке таясамда спортты тастағам жоқ. Жүгіруден бөлек, күнде таңертең тұрып, 40-45 минут дене жаттығуларын жасаймын. П.К. Иванов ілімі бойынша таңғысын және кешкілік денеме 2 шелек су құйамын. Байқаймын, қазір жастарымыз ұялы телефонға әуес. Соған жұмсалған қайран уақыт-ай… Сондықтан жас буынға интернетке телміріп, ұялы телефонға көз салып отыра бергенше, спортпен айналысуға кеңес берген болар едім. Себебі, спорттың адам баласының денсаулығына тигізер көмегі зор» дейді кейіпкеріміз.
Тақырыпқа орай:
Намазбаев Бауыржан Мақұлбайұлы КСРО оқу ісінің үздігі. «Дене тәрбиесі және спорт саласын дамытқаны үшін» медалімен марапатталған. Одан өзге 50-ге жуық мақтау грамоталарымен алғыс хаттардың иегері. Сондай-ақ, ол республикалық «Ат спорты» журналының штаттан тыс тілшісі. Заманында волейбол мен баскетболдан қыздар бәсекесінде аудандық, облыстық жарыстарда оның шәкірттері үздіктердің үздігі болды. Тіпті республикалық додаларда да топ жарған кезі көп. Қазіргі таңда Бауыржан Намазбаевтың 16 шәкірті ұстаз өнегесін жалғастырып, денешынықтыру пәнінен дәріс беріп жүр.
Айғаным Азия чемпионы
№1 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Айғаным Мақсатқызы жақында Қордай ауданында панкратионнан өткен Азия чемпионатында алтын жүлде еншілеп, тұғырдың бірінші сатысына көтерілді. Айғаным аталмыш додада 4 кездесу өткізіп, барлық қарсыластарынан басым түсті. Алғашқы айналымда Алматы о б л ы с ы н а н к е л г е н с п о р т шыны жеңсе, екінші айналымда қордайлық аруды да техникалық нокаутпен ұтты. Жартылай финалда қарсылас атанған қапшағайлық бойжеткенді де қылқындыру әдісімен тізе бүктірді. Ал ақтық сында елордалық спортшыдан айласын асырып, жарыс жеңімпазы атанды. Жалпы Айғанымды спортқа баулып, шеберлігін шыңдап жүрген жаттықтырушысы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі, яғни, әкесі Мақсат Құлманов екенін жазып өткеніміз жөн. Өйткені, еркін күрестен спорт шеберіне үміткер Мақсат Қырғызбайұлының өз қызының толағай жетістікке қол жеткізуіне тигізген еңбегі мол. Бұған дейін Айғаным Мақсатқызы джи-джитсудан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы болған.
Топтаманы дайындағандар: Фарида ЖАҚСЫМБЕТ,
Марат ДИХАНБАЙ.