Көңілден шыққан толқындар

994 Views

жас ақын Нұргерім Нұрланның алғашқы кітабы жарық көрді

Қазақстанның халық жазушысы, журналистиканың ақтаңгері Шерхан Мұртазаның «Газет – бір жағынан жазушының жауы. Ойыңда жүрген, көкірегіңді кернеген дүниені алаңсыз отырып жаза алмайсың. Ұдайы оттың ішінде жүресің.

Газет жұмысы – бір жағынан жазушының досы. Ел көресің, жер к ө р е с і ң , с а н т ү р л і а д а м д а р м е н кездесесің. Шығармаға жем табылады» деген сөзі бар. Расымен де ешбір дәйекті қажет етпейтін сөз. Дәлме-дәл айтылған. Шерағаң айтқандай, менде 5 жылдық журналистік тәжірибемде аудан аумағынан көптеген талантты жастарды жолықтырдым. Соның бірі — Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы, жас ақын Нұргерім Нұрлан десем болады.

Қазақтың адуынды ақындарының бірі Қадыр Мырза Әлі:

– Талантқа тас аттық,

Тілсіз қалды мың мықты.

Өтірікті босаттық,

Қамап қойып шындықты,-деп жырлаған. Меніңше, Нұргерімнің әрбір өлеңінен Қадыр ақынның қолтаңбасы аңғарылып тұратындай көрінеді. Яғни, ақын үшін шындық алғашқы орында. Ол өтірік мақтағанды жек көреді. Оған мысал ретінде «Еріккендік немесе еліктеулік» деген өлеңіндегі мына жыр- шумақтарды айтсақ жеткілікті болатын шығар деген ойдамыз.

Қола құйған ыдыстай қалыпта едік,

Қолыма қалам алдым , шабыт келіп.

Қара өлеңмен халқымды сусындатам,

Бала кезден ақындардың көбіне еліктедік.

Еліктедік,

бәз біреулер деді оны еріккендік.

Бәз біреулер құр әуре десе дағы,

Аға буын артынан еріп келдік.

Еріп келдік,

жүректің қалауына ерік беріп .

Жыр жазамын қолыма қалам алып,

Уәдем-уәде! Осы сөз берік дедік.

Уәдені біз берік дедік,

жыр құрадым , өлеңге көрік беріп.

Елімнің баласымын дара туған,

Ақындарға қара өлеңі серік дедік.

Қара өлең ақындарға серік дедік,

Біз осы өлең жазып көріп па едік. Өлеңді қалам емес, ақын жазады,

Қаламда да болады екен, еріккендік». Нұргерім жас та болса, өлеңнің қорытындысын қандай ғажап түйіндей білген. Бүгінде журналистиканы кәсіп етіп алғандар жетерлік. Бұл өлеңде Нұргерім осыны тақырыпқа арқау етіп жазып отыр. Жас ақын эстет-журналист Қали Сәрсенбайдың сөзін қуаттайтын азамат. Яғни, «Журналистика айлық алып, күн көрудің қамы емес, ол – өнер».

Жақында Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің мәжіліс залында «Дарындыға дара жол» атты тақырыпта жас ақын Нұргерім Нұрланның шығармашылық кеші өтті. Бұл кешке ұшқыр ойлы оқушының анасы мен аға-әпкелері, ұстаздары мен достары арнайы қонақ ретінде шақырылды. Шығармашылық кештің шымылдығын мектеп директоры Нұргүл Төленқызы сөз сөйлеп, ашып берді.

«Құрметті шығармашылық кешке қатысушылар! Сіздер бүгін мектебіміздің дарынды оқушысы Нұргерім Нұрланның шығармашылық кешін тамашалап отырсыздар. Дарынды деп айрықша бағалауымның өзіндік себебі де бар. Өйткені, Нұргерім Нұрлан 2018-2019 жылғы оқу жылында өзінің білімділігімен, алғырлығымен Тараз қаласындағы екі бірдей жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алып, сонда тегін оқуға мүмкіндік алып отыр. Бұдан өзге қаншама аудандық, облыстық, республикалық байқауларда топ жарды біздің Нұргерім. Айналайын Нұргерім, жасай бер, жаза бер. Қаламың мұқалмасын. Өнерің өрге жүзсін» деді мектеп директоры өз сөзінде. 10 жасынан бастап өлең жаза бастаған Н ұ р г е р і м Н ұ р л а н н ы ң д а р ы н ы н бағалап, шеберлігін шыңдаған Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мәулен Тобықов екенін айрықша атап өткеніміз жөн осы арада. Жалпы Нұргерім «сегіз қырлы, бір сырлы жігіт» қой. Ол жазба ақыны ғана емес, төл өнер айтысымыздың да насихаттаушысы әрі актерлықты да шебер меңгерген. Шығармашылық кеш барысында біздің оған әбден көзіміз жетті. Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп- лицейінің 11 сынып оқушысы Жансая Сәрсенбаевамен Нұргерім Нұрланның арасындағы қыз бен жігіт айтысы да, Сәкен Жүнісовтың шығармасының желісімен қойылған «Жаралы күндер» спектаклі де көрерменге ерекше әсер сыйлады. Кеш соңында жас ақынның «Taraz printing» баспасынан басылған «Көңілден шыққан толқындар» атты тұңғыш кітабының тұсауы кесілді.

Марат ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.

Поделиться ссылкой: