Рахат АШҚАН балабақша

802 Views

«Балалы үй – базар, баласыз үй –мазар» дейді қазақ. Үкіметіміздің баласы көп отбасына жәрдемақы беріп, көңіл бұрғандығы, күні кеше ғана 156 қорғансыз баланы шекара асырып Сириядан әкелуі шындығында да адамгершілік қамқорлықтың белгісі дер едім. Аталарымыз: «Жетім көрсең – жебей жүр» деп те жәй айта салмаған ғой. Қарап отырсаңыз жәй ғана қарапайым адамдардың елу, кейде алпыс балаға дейін асырап отырғанының куәсі боласыз. Бұл мейірімділіктің, қазаққа тән қайырымдылықтың жарқын көрінісі емес пе? Маған: «Бұрын бақша кезегінде тұрғандардың саны тым көп еді, қазір қандай болды екен?» деген ой келіп, аудандық білім бөліміне телефон шалдым. Телефонды бөлім басшысының орынбасары алып, мән-жайды түсінген соң бөлімнің балабақшалармен жұмыс жүргізетін әдіскері Ботагөз Бәкееваға ұстатты. Ол менің сауалыма орай: — Өткен жылы балабақша кезегінде 1300-дей бала тұрған болатын. Ауданымызда кейінгі кезде мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік аясында тоғыз балабақша ашылды. Бәлкім содан болар, биыл кезекте тұрғандардың саны 641 бала ғана болып отыр. Солардың ішінде «Нұрхат-Нұрзат» бөбекжайының жұмысы мақтауға тұрарлық,-деді.

Б ұ л б а л а б а қ ш а н ы « М ө л д і р » деп те атайды. Оны жоғары білімді педагог әрі бухгалтер-экономист Рахат Әбдіқадырқызы Биғабылова басқарады екен. Біз барғанда бүлдіршіндер қалың ұйқы құшағында болатын. Қайда қарасаң да қыздың жиған жүгіндей жинақы етіп жиналған бөлмелер. Ойыншық та, ойын бөлмесі де жеткілікті. Бәрінен де көрнекі құралдарды айтсаңызшы, сегіз тәрбиеші мен төрт күтуші не іздесе де қиналмай табады. Тәжірибелі әдіскер Шахризада Сейсембаева мен іс жүргізуші Айбота Сұлтанова Әлия Керімбаева мен Айнұр Төлбасиеваның, күтушілер Эльмира Мәденова мен Салтанат Суанбековалардың тиянақты ісін жіпке тізіп айтып тұр.

Бақшада 1,5 – 6 жас аралығындағы жүз бүлдіршін тәрбие алады. Оларға о т ы з қ ы з м е т к е р м і н с і з қ ы з м е т көрсетеді. Бәрін айт та, бірін айт , балабақша ұжымы жақында үлкен қуанышқа кенеліпті. Дәлірек айтқанда 2018 жылдың қаржы-экономикалық көрсеткіштерін саралай келіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық бизнес рейтингісін Ұйымдастыру Комитеті мектепке дейінгі мекемелер арасынан «Нұрхат-Нұрзат» бөбекжай бақшасына мемлекеттік бюджетке қосқан зор үлесі үшін «2018 жылдың көшбасшысы» деген атақ пен алтын белгі беріпті. Онымен қоса ұлттық сертификатты қоса тапсырыпты. Сонымен қатар, бақша меңгерушісі Рахат Байғабыловаға комитеттің «Айрықша табыстары үшін» медалі мен «Жыл кәсіпкері» ордені Нұр Сұлтан қаласында 2019 жылдың 18 сәуірінде салтанатты жағдайда табыс етіліпті.

Иә, бұл Елбасының стратегиялық бағытын ұстанып, жұмысты басқаруда асқан кәсіпкерлік пен ықшамдылық танытқаны үшін беріліп отырған награда. Рахат Құландағы колледжді қызыл дипломмен бітірді. Еңбек жолын жұмыспен қамту орталығы мен балабақшаларда бастап, өзіне мол тәжірибе жинақтады.

– Менің кәсіпкер әйелдер қатарынан орын алуыма шешем Қанағаткүл мен марқұм әкем Әбдіқадыр көп еңбек сіңірді. Әкем ашқан «Ұлан» шаруа қожалығы мен «Бейбіт» дәмханасы бизнесті дамытуыма үлкен себеп болды. Ең алғаш «Мөлдір» балабақшасын ашу үшін күйеуім Бекзатпен бірге жүгіріп жүргенде қаражат жағынан қиналған кездер де болды. Бірақ, қиындықты жеңуіме жігерім мен т а б а н д ы л ы ғ ы м , ә к е м ү й р е т к е н бизнестің әліппесі көп септігін тигізді. Иә, қазір қарап отырсам қиындықтың бәрі артта қалыпты. Екі жарым жылғы еңбегімнің бағаланғанына қуанамын. Ал, балаларға келетін болсам, оларды мен өте жақсы көремін. Өйткені бала біздің болашағымыз ғой,-дейді Рахат тебіреніп.

Сонымен Рахат ашқан балабақша халыққа мінсіз қызмет көрсетуде. Жас кәсіпкердің ұстанған бағыты айқын, келешегі жарқын.

С.ҚОЖЕКЕ.

Суретте: «2018 жыл көшбасшысы»,

 «Айрықша табысы үшін» және «Жыл кәсіпкері»

орденінің иегері Рахат Әбдіқадырқызы

 Биғабылова және оның ұжымы.

Поделиться ссылкой: