Тәрбиенің өзегі – балабақшадан басталады
16 Views«Театр – киімілгіштен басталады» деген сөз бар. Сол секілді бала тәрбиелеу ісінің алғышарты да балабақшадан басталатыны сөзсіз. Осы ұғымды мақсат еткен аудандық аналар кеңесі…
Республикалық байқауы
Рухани жаңғыру аясында және «Жастар» жылын қолдау мақсатында облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен Құлан агротехникалық колледжі базасында студенттердің кәсіби шеберліктерін шыңдауға байланысты республикалық «Үздік ветеринар – 2019» байқауы болып өтті. Оған еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беретін сегіз оқу орнының студенттері қатысты. Атап айтқанда байқауға Талдықорған мен Қызылордадағы, Түркістан мен Алматыдағы аграрлық — техникалық колледждердің, Қарағандыдағы Қарқаралы, Жамбылдағы Қордай және Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледждерінің, Қостанайдың Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің, осы өңірлерден барлығы 18 студент бағын сынамақ болып, үкілі үмітпен байқауға келді.
Байқаудың ашылу рәсімінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Саясат Есеев пен жарыстың бас төрешісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жамбыл облыстық ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының басшысы Оспан Бердияров кіріспе сөз сөйлеп, үміткерлерге сәттілік тіледі. Қазылар алқасы сияқты салиқалы топқа Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Ветеринариялық — санитарлық сараптау және гигиена» кафедрасының қауым професссоры Қанапия Ромашов, Тараз инновациялық-гуманитарлық у н и в е р с и т е т і н і ң « С т а н д а р т т а у және ветеринариялық санитария» кафедрасының доценті, ветеринария ғылымдарының кандидаты Бақытжан Әбдібеков, сондай-ақ, Тұрар Рысқұлов а у д а н д ы қ а у м а қ т ы қ и н с п е к ц и я директоры Айдар Өтебаев, «Құлан- Малдәрігері» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Серікбай Дәлібаев және аудан әкімдігі ветер и н а р и я б ө л і м і н і ң б а с м а м а н Мұхамбет Әлімов енді. Төрешілер үш модульдік талап бойынша байқауға қатысушыларға қатаң талап қоя білді.
Мәжіліс залында өткен ашылу рәсімінен соң үміткерлер конференц- залға келді. Бірінші кезеңнің тапсырмасы бойынша олар өзі туралы, мамандығы мен оқитын орны жәйлі және өңірде кездесетін малдағы індет туралы өздерінің «визиттік парақшасымен» таныстырды. Екінші кезең 210-шы аудиторияда электронды тест тапсыру түрінде өтіп, байқауға қатысушылар бақылаушы-төрешілер алдында індеттену микробиологиясы, паразитология және инвазиялық, ішкі жұқпалы аурулар мен акушерлік гинекология мен көбею биотехникасы төңірегінде тест тапсырып, алған білімдерін ортаға салды. Үшінші модульдік кезең Құлан агротехникалық колледжінің жаңадан ашылған ветеринарлық клиникасында одан әрі жалғасын тапты. Айту ләзім, биыл іске қосылып пайдалануға берілген зертханалар мен электрмен дәнекерлеушілер корпусын көріп, байқауға келген қонақтар жылыжайды, жатақхана мен оқу корпустарын аралап, колледждің нығайтылған базасымен етене жақын танысты.
Сонымен үшінші кезең бойынша студенттер микроскопиялық іс жүргізу, малға дәрі егу және жануарларды клиникалық тексеруден өткізудегі алған тәжірибелері мен дағдыларын іс жүзінде көрсетіп, төрешілерден өз бағасын алды. Бұл жерде де үміткерлердің кәсіби шеберлігіне электронды түрде баға берілді. Ең маңыздысы қатысушылар тірі сиыр мен құсқа нақтылы ветеринариялық емдеу шарасын жүргізді.
Үш кезең де аяқталды. Қазылар алқасы электронды бағалау қорытындысына қарап, үш үшінші орын мен екі екінші және бір бірінші орынды анықтады. Сонымен республикалық «Үздік ветеринар – 2019» байқауында 108 ұпай жинаған Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжінен келген студент қыз Тоғжан Асқарбекқызы бірінші орынды жеңіп алды. Екі екінші орын шығысқазақстандық Жансая Базар мен талдықорғандық Санжар Тілеужанұлына бұйырды. Үш үшінші о р ы н ғ а Ә б д і к ә р і м о в а т ы н д а ғ ы Қызылорда аграрлық техникалық жоғарғы колледжінің студенті Руслан Балабек, түркістандық Арсен Орынбек және қостанайлық Виктория Гаврилова ие болды. Жеңімпаздарға ұйымдастыру комитетінің дипломдары мен алғыс хаттары, бағалы сыйлықтары табыс етілді. Байқау өте жоғары деңгейде өтті.
С.ҚОЖЕКЕ,
Суреттерде: ветеринарлық клиникадағы тәжірибелік дағдылардың орындалуы, тест тапсыру және байқау жеңімпаздары (ортада) бірінші орын алған шығысқазақстандық Тоғжан Асқарбекқызы.