Құмарық ауылында жаттығу залы ашылды

686 Views

Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне біртіндеп көшіру мәселесін көтеріп, «Туған ұла

жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған еді. Елбасы мақалада «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт- дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» дей келіп, халықты білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуге, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беріп, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруге шақырды.Сондай-ақ, Елбасы 2020 жылға дейін қазақстандықтардың 30 пайызы бұқаралық спортқа тартылуы керектігін айтып, ел Үкіметіне нақты тапсырма берген болатын.

Бүгінгі күнге дейін рухани жаңғыру аясында елімізде көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып келді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба беретіні анық. Себебі, туған жеріне ту тігіп, ауылының гүлденуіне атсалысқысы келетін ұлтжанды азаматтар аз емес. Күні кеше соның куәсі болып қайттық. Құмарық ауылына қарасты Болтай батыр атындағы орта мектепті осыдан жиырма жыл бұрын бітірген түл е к т е р Е л б а с ы мақаласының маңызын тереңнен т ү с і н і п , а у ы л ж ұ р т ы н қ у а нышқа бөледі. Мектепте өткен соңғы қоңырау к е з і н д е 1 9 9 9  жылы мектеп бітірген түлектер 175 мың теңгеге латын әліпбиі негізінде жасалған мемлекеттік рәміздерді тарту етсе, ауылдық мәдениет үйінің ішінен тұрғындырдың бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында жаттығу залын ашты. Құны 500 мың теңгенің спорттық құрал-жабдықтары алынған жаттығу залына келген ауыл әкімі Қанат Смат 20 жылдық кездесуге келген түлектердің игі ісіне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді. — Мұндай заманауи жаттығу залы аудан көлемінде жоқ. Бұл ауыл жастарының спортпен шұғылдануына таптырмас мүмкіндік,- деді Қанат Төлеуұлы. Ал, түлектер атынан сөйлеген Нұржан Баденов «Бұл біздің ауыл жастарына деген кішігірім болса да көмегіміз. Олар ауылда темекі шегіп, арақ ішіп жүргенше, бір мезгіл осында келіп спортпен айналыссын, мықты болсын деген тілекпен жаттығу залын ашуды жөн көрдік» деп ағынан жарылды. Сонымен қатар, ауыл мешітіне де көмек қолдарын созғандарын жеткізді.

М.СЕЙДАШЫМ.

Поделиться ссылкой: