Жанайдыѕ жан серігі – кітап

685 Views

Өнер мектебінің мұғалімі Жанай Татаевпен көрші тұрамын. Өте ізденімпаз әрі еңбекқор жігіт. Жәкеңнің бітірген мамандығы мүсінші. Оның жеке шеберханасында көптеген қазақы оюмен әдіптелген қолөнер туындылары бар. Аудандық газеттің тұрақты оқырмандарының бірі ретінде мүсінші інімнің адамгершілік болмысы жайында жазып отырмын. Жалпы Жанай екеуміз көп әңгімелесеміз. Сонда ол көбіне көп мақалдатып сөйлейді. Бірде Жәкеңнен: «Сен осының бәрін қайдан білесің?» деп сұрадым. «Кітаптан»-деді ол. Өзінің айтуынша, 6 мыңға жуық қазақтың мақал-мәтелдерін оқып шыққан екен. Қалай ғана иланбайсың. Кітап оқымаса осындай туындылар қолөнершінің қиялынан шығар ма еді…

«Іздеген жетер мұратқа, ізденбеген қалар ұятқа» деген тәмсілді өмірлік ұстанымына балайтын Жанай қолөнершінің кітапқұрмалығы  соңымыздан өсіп келе жатқан жас буынымызға үлгі болуы керек деп есептеймін.

Жұмағали Майбетов,

Құлан ауылының тұрғыны.

Поделиться ссылкой: