СПОРТ САҢЛАҚТАРЫНЫҢ ҰСТАХАНАСЫ

508 Views

Біздің ауданды былайғы жұрт: «Спорт саңлақтарының ұстахана­сы» дейді. Оның жөні де бар. Ешбір ау­дан­да Олимпиада ойындарына қаты­сып, бір алтын, екі күміс, бір қола ме­даль алған спортшылар жоқ шығар. Біз­дің ауданымыздың атағын Абсент ат­ты сәйкүлігіміз ғой бүкіл әлемге паш етті. Боксшы Ермахан Ыбырайымов, палуандарымыз Ислам Байрамуков пен Елдос Сметов, Ақжүрек Таңатаров, әлемге аты әйгілі болған Әлішер Ерғали, Әділет Дауламбаев, боксшы қызы­мыз Адина Қалдыбай біздің мақ­та­ны­шы­мыз. Күні кеше ғана зейнетке шыққан Бекен Әбдірайымов, дүниеден ерте озған жауырыны жерге тимеген палуандарымыз Қошан Тәнікеев, Серік Нұрманбетов, даңқты волейболшымыз Таңат Қамбаралиевтерді ел ұмытқан жоқ. «Ат тұяғын тай басар» демекші бүгінде алдыңғы толқын ағаларының ізін басып, екі бірдей жасөспірімдер спорт мектебінде балаларды спортқа баулып жүрген Ұлан Омарбековтың, ардагер спортшы Есдәулет Құрманбеков, Нұрасыл Молдабеков, Бақытбек Толымбетов, Қанағат Өзбеков, Асхат Тілекеевтің аудан спортына сіңірген еңбегі зор. Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп­те жаттықтырушы болып жүрген Жүніс Бектемісовтің де шәкірттері биік тұғырдан көріну­де. 10-шы сынып оқушысы Елена Хуголь жеңіл атлетикадан Қазақстан біріншілігіне қатысып, 200 метр қа­шықтыққа жүгіруден үшінші орын алды.

Спорт күніне орай орталық ста­дионда спорттың алты түрінен: барлық он бес ауылдық округ спорт­шыларының қатысуымен тоғыз­құма­лақтан, асық ату мен арқан тартудан қол күресінен, гір көтеру мен стол тен­нисінен жарыс өтеді. Иә, біздің аудан­да спорттың бұхаралығын арттыру жө­нінен көптеген игі шаралар жүзеге асы­рылуда. Мәселен, Қонаев ауылында «Раушанбектегі» шаруа қожалығының демеушілік етуімен, Көкдөненде ауыл ақ­­сақалдарының қолдауымен кіші фут­бол алаңдары салынуда. Мұндай ста­дион Каменка ауылында, Қарақатта бар. Ақыртөбеде байырғы спорт ардагері Ә.Қайынбердиев ашқан спорт мектебі жұмыс істепйді. Қазір ауданымызда футбол клубы құрылып, аяқдоптан ауданның намысын қорғайтын жаста­рымыз облыс біріншілігіне қатысуда. Енді алдағы уақытта қазақтың ұлттық ат спорты ойындарын дамыту біздің басты назарымызда тұр. Өйткені, біз Абсент сынды күлігіміздің атын жоқтатпауымыз керк деп ойлаймын. Сондықтан көпаршылар мен атбегілер, саятшылар, құсбегілер клубтарын құ­рып, оны жандандырғанымыз жөн.

Жалпы ауданымызда 154 спорттық ғимарат бар. Өткен жылы жабық спорт кешені пайдалануға берілсе, алдағы жылы Жақсылық ауылынан сондай спорт кешенін осы ауылдың түлегі, мемлекет және қоғам қайраткері Азаматхан Әміртаев салып бергелі отыр. Сонымен қатар, 73 алаң, 38 футбол стадионы, 32 спорт зал, 3 тир, екі ату алаңы спортшылар игілігіне жұмыс істеуде. Аудандағы екі спорт мектебінде спорттың 13 түрінен үйірмелер жұмыс істейді. Төрт аула клубында 620 жасөспірім спортпен шұғылданады. «Жастар» жылы бұхаралық спорт түріне 19 мыңға тарта адам тартылды. Солардың дені жастар десе болады.

Е.Шәбеев,

аудан әкімдігі  дене шынықтыру

және спорт бөлімінің басшысы.

Поделиться ссылкой: