Сенбілік жұмыстарына қатысты
27 ViewsАуданда сенбілік жұмыстары жалғасуда. Өткен сенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылының шығыс бөлігінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер маңында тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына қатысты.…
Әлбетте «Жақсы тақырып жарты мақала» қағидасымен тақырыпты түрліше құбылтуға болар еді. Бірақ бізге Алматы қаласында өткен республикалық семинар-тренингтің өз тақырыбы маңызды көрінді. Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, «Шеврон» компаниясының қаржылай қолдауымен «Қазақстан» қонақ үйінің «Алтын емел» залында бас қосқан журналитер аталған тақырып аясында білімдерін жетілдірді.
— Бұрындары орыстілді қауым үнемі «Бізде қазақша дәріс беретін медиа-тренерлер жоқ» дейтін. Анығы, менсінбейтін. Намыстанатынбыз. Содан «Түркітілдес журналистер қорын құрып, әйел журналистер клубы мен жас журналистер мектебін аштық. Қазақ тілді медиа-тренерлер мектебін қалыптастырдық. Шет елдерге апарып, тәжірибе алмастырдық,- дейді Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы. Алматы қаласы мен Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарынан келген қырыққа жуық журналистерге екі күн қатарынан «Түркітілдес журналистер қоры» қалыптастырған және шетелдік медиа-тренерлер дәріс оқыды. Семинардың алғашқы күні лондондық «AVRUPA» газетінің бас редакторы, бірнеше ақпарат агенттіктерінің қожайыны Ватан Өз «Әлеуметтік мәселелер және жалған хабарлар» (Fake news), «Деректерді тексеру» (Fact-checking), сақтауға міндетті этикалық қағидалар. Зиянды ақпараттар дайындайтын дереккөздер (troller) төңірегінде өрелі әңгіме өрбітіп, өз білгенімен бөлісті. Сонымен қатар, жеке бастың қауіпсіздігі, қылмыстық және азаматтық жауапкершілік, әлемдік ВВС, Reuters, CNN арналарындағы әлеуметтік мәселелер де сөз болды. Семинар барысында ұйымдастырылған «Шеврон» компаниясының әлеуметтік жобалар бойынша серіктестерімен шеберлік сабағы да журналистерге біраз ақпараттың бетін ашты.
«Түркітілдес журналистер қорының» президенті Нәзия Жоямергенқызы модераторлық еткен семинар-тренингте «Қарекет» бағдарламасының продюсері Самал Мейрамқызы, IT маманы Ернұр Зейнуллаев, әлеуметтанушы-журналист Дина Имамбаевалар да әлеуметтік мәселелерге шолу жасады. Көп дүниені көңілге тоқып, білім көкжиегін кеңейткен журналистер семинар соңында арнайы сертификаттармен марапатталды.
Мереке Ержанұлы.