Ағаш көшеттері отырғызылды
52 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Шахмат еріккендердің ойыны емес. Егер тарихқа тереңірек үңілсеңіз бұл ойынды патшалар ойнаған. Ол тағы да жас таңдамайды. Ойлау қабілеті мен есте сақтау мүмкіндігі бар бала да, шал да өзіне ойыншы таңдағанда оның жасын сұрамайды. Жандос Мағұлымұлы Әдібаевтың да бала кезден ойы жүйрік, зерек болып өсуі оның осы төңіректе, дәлірек айтқанда аудан мен облысымызда шахматтан чемпион атануына жол ашты. Ол республикада да талай қарсыласын жеңілуге мәжбүр етті.
Қазір Жандос №1 лицейде дене тәрбиесінен дәріс береді, шахмат пен дойбыдан жаттықтырушы. Жақында ол құрамында он екі адамы бар аудан шахматшыларының федерациясын ашты. Өзі тәрбиелеп, осынау ой спортына баулып жүрген шәкірттері бүгінгі таңда шетел асып, биік тұғырдан көрініп жүр. Мәселен, оныншы сыныпта оқитын Шапағат Қонысбай жақында Шри-Ланкаға барып, командалық бәсекеде екінші орын алып қайтты. Ал, 7-ші сынып оқушысы Әлім Тоғызбай болса жекелей біріншілікте үшінші орын алды.
-Лицейде шахмат пен дойбы ойынына қызығушы жасөспірімдер көп,-дейді Жандос,-Әсіресе, 5-6-шы сынып оқушыларынан құрылған топтың жас шахматшыларының нәтижесі көз қуантады. Жақында олар республикалық жарыстан оралды. Бақдәулет Асқар, Жүсіпбек Ешенқұл, Марғұлан Лес және Айнұр Кәдірходжаевтар (суретте) жүлделі орындарға ие болып қайтты.
Сейсен Қожеке.