Ботулизмнің алдын алу
22 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Білім саласындағы кейбір реформалар ұстаздар қауымын да, ата-аналарды да мазалап келгені жасырын емес. Әсіресе, әліппенің оқу жүйесінен алынып тасталуы мен ағылшын тілінің бірінші сыныптан оқытылуы көпшіліктің көңілінен шықпаған еді. Республикалық тамыз кеңесінде аталған мәселелердің түйіні тарқады. Кеңесте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов әліппенің мектептерге қайта оралатынын жеткізді. Енді 2021 жылдан бастап әліппе Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тіліне негізделген әдістемесі негізінде дайындалып, мектептерге жол тартады. Бұл әрине көңіл қуантады.
Тамыз конференциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласының алдағы бағыт-бағдарын айқындап, ақ-қарасын ажыратып берді. Президент «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті» – дейді академик Ахмет Жұбанов. Бұл сөз біз үшін негізгі ұстанымға айналуы тиіс.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деп өте өнегелі ой айтты. Сондықтан, ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын. Ал, жоғары сыныптарда жаратылыстану-техникалық пәндерді мектептердің дайындығына қарап жүргізу қажет» дей келіп, Ел Үкіметі қолға алған «Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» халықпен кеңесіп, талқыдан өткізу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, мұғалімдердің айлығын төрт жылда екі есе ұлғайту жөнінде Үкіметке тапсырма берді. Бұл да мұғалімдер үшін жағымды жаңалық болды.
Тамыз кеңесінде мұғалімдердің мәртебесі, білімнің сапасы мен бала тәрбиесі де назардан тыс қалған жоқ. Биылғы конференциядан білім беру саласының түбегейлі өзгерістерге бет бұрғанын көріп, қуандық. Президент баяндамасында «Сіздер еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет. Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі» деп ұлт тәрбиелеуші ұстаздар қауымына жауапкершілік жүктеумен қатар, мәртебесін биіктетті.
Сәуле Суранчиева,
Болтай батыр атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.