Аудан әкімі алқа билермен кездесті

758 Views

Аудан әкімдігі мен аудандық соттың бастамасымен жұмыс алгоритміне сай аудандық, ауылдық алқа билер кеңесі мүшелерімен аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың кездесуі өтті.
Ежелден келе жатқан билер институты жаңарған қоғамда да өзектілігін жоғалтпауы- заңдылық. Елбасы Н.Назарбаев елімізде Билер институтын құрып, ел арасындағы түйткілді проблемаларды оңтайлы шешудің тетіктерін қарастыруды тапсырған болатын.
Жамбыл облысында Билер кеңесі 2018 жылы құрылса, ауданда 2019 жылы сәуір айында Алқа билер кеңесі құрылып, аудандық кеңеске 5 азамат, ауылдық алқа билер кеңесіне әр ауылдан 3 азаматтан тағайындалған. Алқа билер жұмысының ең маңызды, басым бағыты – қоғамдағы сан түрлі дау-дамайлар мен арыз-жанжалдың алдын алып, сотқа жеткізбей шешіп, дауласқан тараптарды мәмілеге келтіру, проблемаларды ортақтаса шешу, оң шешімін табуға көмек беру. Қазіргі уақытта кеңес мүшелері ауылдық жерлерде туындаған дау-дамай, түйткілді мәселелерді шешуде оң нәтижелерге қол жеткізуде.
Кездесуге Жамбыл облыстық сотының судьясы Дінмұхаммед Әзретқұлов аудандық соттың төрағасы Ғазиз Аманбаев, судья Ләззат Байтленова, облыстық билер кеңесінің мүшесі, «Қарахан» журналының бас редакторы Сатыбалды Досымбеков, аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы Үтділда Тойғанбеков және аудан әкімдігі қызметкерлері, аудандық, ауылдық алқа билер кеңесінің мүшелері мен ауыл әкімдері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Қазақстан Республикасының «Алқа билер туралы», «Медиация туралы» Заң талаптары мен «Алқа билер туралы Ереже» талаптары түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді. Кездесу соңында қатысушыларға арнайы Сертификаттар берілді.

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: