Спорттың 6 түрінен жарыс ұйымдастырылды

765 Views

Спорт күніне орай тоғызқұмалақ, арқан тартыс, асық ату, үстел теннисі, армрестлинг және кір тасын көтеруден аудандық жарыс өтті. Спорт кешенінде өткен аталмыш іс-шараға аудан әкімі Ерболат Садырқұлов қатысып, аудан спортының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан сала қызметкерлерін айтулы мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы Тұрсынхан Жаманбаев, «Нұр Отан» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбеков, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов та құттықтау сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін жеткізді.
Ауданымызда бұқаралық спортты кеңінен насихаттау мақсатында аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйтқы болуымен өткен аталмыш жарыс өте тартысқа толы болды. Әр ойын барысын қадағалап жүріп, жарысқа қатысушылардың бойынан қайтпас қайсарлықты көрдік. Бұл әрбір спортшының бойында болуы қажет басты қасиет деп білеміз.
Жарыс соңында аудан спортының дамуына сүбелі үлестерін қосқан ардагерлерге, сондай-ақ, барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің алғыс хаттарымен бірге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: