Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Биыл Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толып отыр. Осыған орай, жыл басынан бері түрлі іс-шаралар облыс көлемінде ұйымдастырылып келеді. Аудан көлемінде де көптеген ілкімді шаралар өтіп, жұртшылық назарына ұсынылды. Соның бірі орталық алаңда М.Өзбеков атындағы мәдениет үйі мен аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйытқы болуымен өтті. «Жамбыл облысы – шуағы мол берекелі өңір» тақырыбын арқау еткен іс-шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары театрландырылған сахналық көрініс пен концерттік бағдарлама қойды. Аудан тұрғындары ежелден келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі «Сәлемдесу» рәсімін көріп, жергілікті сазгерлердің әсем әндерін тамылжыта шырқаған өнерпаздардың өнерін тамашалады. Сонымен қатар, қазба жұмыстары кезінде табылған көне заттар мен ауданнан шыққан қолөнер шеберлерінің музейге сыйға тартқан құнды жәдігерлерінен тұратын көрмені көріп, аудан тарихымен танысты.
М.Бошқаев,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы.