Мемлекет басшысы тамыз конференциясына қатысты

830 Views

Іс-шараға Қазақстанның барлық өңі­рінен келген мұғалімдер, оқу орын­дарының оқытушылары, ға­лымдар, қоғам қайраткерлері, мем­лекеттік органдардың өкілдері қа­тысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сө­зінде жаңа буынды тәрбиелеудегі мұ­ғалімдердің рөлін атап өтті.
– Еліміздің лайықты азаматтарын тәр­биелеу – педагогтардың және ата-ана­лардың міндеті. Лайықты азамат – бұл өз білімін Отанымыздың игі­лігі үшін жұмсайтын адам. Ал­ды­мызда тұрған құбылмалы за­манда жастарымыз еңбекқор бол­маса, ешқандай бәсекеге түсе ал­майтынын терең түсінуі керек, – де­ді Президент.
Мемлекет басшысының ай­туынша, білім және ғылым са­ла­сы­ның дамуына тың әрі тегеурінді сер­пін қажет.
– Білім сапасын көтеру үшін ке­шенді шаралар қабылдау қажет. Бұл, ал­дымен, мұғалімдердің біліктілігіне, оқу­лықтардың сапасына, заман талабына сай инфрақұрылым мен материалдық қорға байланысты мә­селелер. Аталған бағыттар бойынша тиімді жұмыс істеу қажет, яғни туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсыну керек, – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент мұғалімдердің бі­лік­тілігін бағалау идеясын жү­зеге асырудағы бюрократия мен біржақтылыққа, сондай-ақ оқы­тушылардың өз кәсібінен тыс түрлі іс-шараларға тартылуына қатысты сыни көзқарасын білдірді.
– Жергілікті әкімдіктердің өз өкі­­леттіліктерін асыра пайдаланып, мұға­лімдерді білім беру саласына еш қатысы жоқ әкімшілік іс-шараларға тарту жағдайлары толастамай тұр. Аталған мәселелерді шешу үшін Үкі­метке шұғыл, нақты шаралар қа­был­дау­ды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу жүйесінің сапасын арттыру, сондай-ақ орта білім беруді одан әрі дамыту стратегиясын айқындау жөнінде шаралар қа­былдауды тапсырды.
– Әлем елдерінің 60 пайызында мектепте білім беру 6 жастан бас­талады, яғни мұндай жүйе баланың зияткерлік және әлеуметтік жағынан ертерек дамуына оң ықпал етеді. Үкіметке Білім мен ғылымды да­мытудың 2025 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы аясында 12-жылдық білім беру моделіне біртіндеп, жоспарлы негізде көшуді қамтамасыз етуді тапсырамын, – деп атап өтті Президент.
Мемлекет басшысы «Жас маман» жобасының жүзеге асырылуын, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін дамыту жұмысын пысықтау, сондай-ақ үш ауысымды және шағын комплектілі мектептер мәселесін шешу қажет екеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігіне үштілді оқыту жүйесін енгізу үдерісін қайта қарауды тапсырды. Аталған мәселе оқытушылар мен білім беру бағдарламаларының дайындығын ескере отырып, жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
– Жаратылыстану пәндерін ағыл­шын тілінде оқыту білім орта­лықтарының кадрлық мүмкіндігіне қарай, оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша іске асуы тиіс. Сондықтан, ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын, – деп, Президент өз ұстанымын жеткізді.
Мемлекет басшысы мұғалімдер жалақысының мөлшерін арттыруды алдыңғы қатардағы міндет екенін атап өтті.
– Бұл саладағы еңбекақы ең төмен жалақылардың қатарында, яғни ел экономикасы бойынша орташа жалақының 65 пайызын құрайды. Білім беру жүйесіне білікті кадрларды тарту мақсатында Үкі­метке төрт жыл ішінде мұға­лімдердің еңбекақысын 2 есе кө­бейтуді тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан бөлек, Президент барлық білім беру бағдарламалары мен стандарттарын бір деңгейде әзірлеп, қала және ауыл балаларының білім деңгейіндегі алшақтықтарды жоюды және тұрғылықты жері мен ата-аналарының әлеуметтік жағдайына қарамастан балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік беруді тапсырды.
Мемлекет басшысы ғылымды қар­жыландыру жүйесінің ашық­тығын қамтамасыз ету, ұлттық ғылыми кеңес­тердің жұмысын жетілдіру қажеттілігіне баса мән берді. Президенттің пікірінше, ғылымды одан әрі институционалды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу қажет.
Конференцияның соңында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі және бел­сенді қоғамдық қызметі үшін бір­қатар ұстазды марапаттады.
Атап айтқанда, «Құрмет» ор­де­німен – Павлодар қаласының №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің мұғалімі Анатолий Билида, Алматы облысы Іле ауданы №13 орта мектебінің мұғалімі Гүлнар Казербаева, «Ерен еңбегі үшін» медалімен – Орал қаласы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі Гүлзихан Таскарина, Түркістан об­лысы Кентау қаласының А. Югнаки атындағы орта мектебінің мұғалімі Дәнегүл Қуатбек, «Шапағат» медалімен – Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі Екатерина Нипрук марапатталды.

АҚОРДА

Поделиться ссылкой: