АУДАН ӘКІМІ ЖУРНАЛИСТЕРДІ КӘСІПТІК МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

667 Views

 Өткен жұмада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай 79 жылдық тарихы бар еңселі басылым «Құлан таңы» газетінің ұжымын арнайы қабылдап, мекеме қызметкерлерін құттықтады.

 «Журналист – жүрек жыршысы» дейді заңғар жазушы Әзілхан Нұршайықов. Сондықтан сіздердің еңбектеріңізді өз басым жоғары бағалаймын. Өздеріңіз білесіздер, аудан әкімінің жұмысы тікелей газет тіршілігімен тығыз байланысты. Аптасына екі рет жарық көретін аудандық газетті міндетті түрде көз жүгіртіп оқып отырамын. Жаһандану дәуірінде отандастарымызға сапалы ақпараттар тарату қажет. «Құлан таңы» газетінің ұжымы бұл міндетті толығымен жүзеге асырып отыр деген ойдамын. Мерекелеріңіз құтты болсын. Қ а л а м д а р ы ң ы з е ш қ а ш а н м ұ қ а л м а с ы н » д е д і а у д а н басшысы өз сөзінде. Содан соң, сөз сөйлеген аудандық мәслихат хатшысы Тұрсынхан Жаманбаев қызығы мен шыжығы мол журналистика мамандығының жауапкершілігі жайында өз ойын білдіріп, сөзбен айтқанға оңай болғанымен газет жұмысының

 өте ауыр екендігін айтты.

Осылайша көңілді нотамен басталған мерекелік басқасуда көңіл көкжиегін көтерер сүбелі сөздер көптеп айтылып жатты. Тәжірибелі журналист Сейсен Қожеке де өз пікірін ортаға салып, ел ішінде айтылып жүрген Шерағаңның «Журналистердің

 арқалағаны -алтын, жегені – жантақ» деген сөзін мысал ете отырып, газет тілшілерінің айлығы мардымсыз екенін айтты. Белгілі журналист көтерген мәселені аудан басшысы өз назарында қадағалап, алдағы уақыттың еншісінде ескеретінін жеткізді. Жиын соңында «Құлан таңына» қызметке орналасқалы өндіре мақалалар жазып, алдияр оқырманның ақ алғысына кенелген тілшіміз Жәнібек Базылбеков пен газеттің жарнама бөлімінің менеджері Гүлдана Мұхамеджанова аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ал аудандық газеттің әр түрлі реңкпен түрленіп шығуына өзіндік үлес қосып келе жатқан басылымның дизайнері Лесбек Әбдраимов пен бас есепші Ақмарал Сариева аудандық мәслихаттың Алғыс хатымен марапатталды.

Марат ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.

 

Поделиться ссылкой: