Ағаш көшеттері отырғызылды
65 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы ұсыныс жасап, 1997 жылғы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Нәтижесінде, 1998 жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертіліп, 2006 жылдан бастап 6 шілде астана күні ретінде тойланып келеді. Сол астана қазір адам танымастай өзгерді. Сәулеті мен дәулеті тасыған шырайлы қалаға айналған әсем қала күн санап көркейіп, гүлденіп, дамып келеді. Қаланың сұлулығынан өзге экономикалық жағдайы да күн санап артуда. Сұлу қалаға жыл сайын арман қуған жастар қонақтап, білім алып, еңбек етіп, өздерінің жарқын болашақтарын қалыптастыруда. Сарыарқаның сайын даласынан орын тепкен әсем астанамыз қазіргі таңда нағыз жастардың қаласына айналды. Көркейді, өсті, әлемді таң қалдырды. Астананың көркін еселей түскен бір жайт – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі. Осы көрменің арқасында көптеген биік ғимараттар бой көтеріп, елордамыздың ажары еселене түсті. Сәулеті мен дәулеті артқан әсем қаланың жалпы пайда болуының өзі әрине, Елбасымызға тікелей байланысты. Біз тұңғыш Президентіміздің арқасында өзге мемлекеттермен иық тіресіп тұрып біздің осындай астанамыз бар деп мақтана аламыз. Сарыарқа төсінде осындай елорда тұрғызып, жасампаз қаланың мерейін асқақтатқан Елбасының астанамыздың қалыптасу тарихында еткен еңбегі зор. Сондықтан да, үстіміздегі жылы халқымыздың Елбасыға деген құрметінің арқасында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей басшылығымен бұрынғы Астана қаласы Нұр-Сұлтан деген есімге ие болды. Бұл әрине, орынды шешім. Себебі, әу баста-ақ астананың ірге тасын қалаған тұңғыш Президентіміздің өзі болатын. Бұрынғы Астана, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы өзінің өсіп, даму процесін әлі де тоқтатқан жоқ. Асқақ астанамыз бүгінде Нұр-Сұлтан атанып, нұрлана түсуде. Биік ғимараттары мен гүлденген көшелері, заманауи технологиямен жабдықталған кешендері Елордамыздың еңсесін көтеріп, мерейін одан әрі асқақтата түсуде. Күн санап көркейген ару қаламыз, Елордамыздың туған күні құтты болсын!
Салтанат Қарасаева.