33 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Қаңғыбас иттер қауып алмасын…
878 Views
Аудандық «Құлан таңы» газетінен өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жүргеніме бір жарым айдың жүзі болды. Алғаш келген күні «Орталық базар» маңынан өтіп бара жатып, қаумалаған бір топ итті көрдім. Әуелі бұл көрініске таңырқай қарағаным рас. Қорықпайды ғой «шіркіндер». Құдды саудагермен саудаласпақ ниеттегі «адамдар» секілді. Қызығы, бұл оқиға күнделікті қайталанатын көрініске айналды. Алып шаһардан келген маған таңсық көрінген жағдай орталық тұрғындарының назарын да аудармайтын секілді. Осындайда құжаттары «қынттай» жауапты сала мамандары қайда қарап отыр деп налисың. Әлде, олар да қаумалаған қаңғыбас иттерді «жеті қазынаның бірі» деп сыйлайды ма екен…
Нұрай Жайлаубай.

