Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Жолдауында көптеген мәселелер қозғалды. Солардың ішінде құқық қорғау саласына айтарлықтай көңіл бөлінгенін анық аңғаруға болады. Атап айтар болсақ, ел Президенті өз Жолдауында «Құқық қорғау жүйесін толық реформалау – аса маңызды міндеттердің бірі. Полицияның мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте өзгеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналады. Полицейлер жұмысының тиімділігі полиция қызметінің беделді болуына байланысты. Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлінеді» — деп атап өтті. Ел қазынасынан бөлінген қомақты қаражат осы салада қызмет ететін мамандардың еңбекақысын көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қызмет көрсету қағидаты бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалатынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауында айтылған тағы да бір мәселелердің бірі — азаматтардың негізгі құқықтарын назардан тыс қалдырмау. Мемлекет басшысы бұл жөнінде «Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет» — деп, аталмыш мәселені шешуді Парламент пен Үкіметке тапсырды.
Сонымен қатар, өз басым Президенттің Жолдауындағы азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселелері бойынша айтылған бастамаларын толығымен қолдаймын. Қолдап қана қоймай, еліміздің азаматы ретінде оны орындауға, межелі міндеттерді өз мәресіне жеткізуге барынша атсалысатын боламын.
Шалқар Дәулетқұлов,
аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары.