Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

882 Views

Құмарық ауылының тұрғындарына 2,5 % — бен несие берілетін болады

Үкімет отырысында қол­дауға ие болып, жуық арада жү­зеге асатын пилоттық жо­баның жемістілігіне көз жет­кізу үшін облыстың әр ауданынан бір-бір ауыл таңдалып отыр. Аталмыш жаңа жобаға ауданымыздан алғаш болып Құмарық ауылының тұрғындары ғана қатыса алады. Ал, егерде жоба өз жемісін беріп, ауыл тұрғындарын зор табысқа кенелтетін болса, онда бірте-бірте өзге ауылдық округтердің азаматтары да жобаға қатысуға толықтай мүмкіндігі бар.
Бүгінде Құмарық елдімекен тұр­ғындарына жобаның жай-жапсары, міндеті мен мақ­саты, күтілетін нәтижесі бойын­ша түсіндіру жұмыстары жүргі­зілуде. Аталған жұмыстармен ауылдық округ әкімдігінің мамандары мықтап айналысуда.
Пилоттық жоба бойынша әр жобаға 5 000 000-нан – 20 200 000 теңге дейін қаржы алуға болады. Несиені өтеу мерзімі 5–7 жыл. Ал, жылдық пайыздық мөлшері небәрі 2,5 %-ды құрайды. Жоба несиесі 5 бағыт бойынша: мал шаруашылығы, бау-бақша, ауылшаруашылығы кооперативтерін құру, техникалар алып, қызмет көрсету және өзге де кәсіп түрлеріне беріледі.
Бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындарының тарапынан 60-қа жуық ұсыныс келіп түскен. Дегенмен, олардың ішінде тек 16-сы ғана толықтай құжаттарын өткізіпті. Құжаттарды қабылдау мерзімі осы айдың аяғына дейін жалғасады. Сондықтан да ма­мандар мемлекет ұсынған мүм­кіндікті пайдалануға ша­қы­руда. Жоғарыда кел­тір­ген мәлі­меттерді бізге инвес­тор­лар­­ға қызмет көрсету жобалық басқару және цифрландыру орта­лығының Т.Рысқұлов аудандық бөлім басшысы Ерғали Юнусов мәлімдеп берді. Ерғали Райымжанұлы одан бөлек бүгінге дейін атқарылған жұмыстарды, жоба арқылы несие алу үшін жылжымайтын заттарды кепілге қою тәртібін, жалпы жобаның жүргізілу процесін толықтай баяндап берді.

Жәнібек СӘДУАҚАС.

Суретте: Құмарық ауылдық округінің әкімі Қанат Смат пен әкімдіктің бас маманы Фарида Сукенова ауыл тұрғыны Дауыс Тойшыбековке жаңа жобаның мақсат-міндеттерін таныстыруда.

Поделиться ссылкой: