Ағаш көшеттері отырғызылды
48 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Өнер – кез келгенді мойындатып, көпшілікті тәнті етер ерекше қасиет. Адамға өнер табиғаттан берілмесе, жүре пайда болуы, қолдан жасалуы мүмкін емес. Қазақ өнерді қадірлеген халық. Ән өнері, би өнері, сөз өнері, сурет өнері, қолөнер және театр өнері секілді өнердің түрлері көп. Әр мемлекеттің айбыны асқақ, рухы биік болуы үшін оның спорты мен мәдениеті қатар дамуы тиіс. Спорт пен мәдениеттің арқасында сол мемлекетті әлем тани алады, мойындайды.
Әрине, қазақ мәдениеті әлемді бірнеше мәрте мойындатқан деуімізге толық негіз бар. Дауысы бүкіл Парижді аузына қаратқан әнші Әміре Қашаубаев, бұлбұл үнді Күләш, Роза, Бибігүлдер, «Ұлытау» тобы, күні кеше әлемді таңқалдырған Димаш Құдайбергеновке дейінде небір өнер майталмандары өмір сүрді. Ауданымыздағы Мэльс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің өзінде бірнеше «халықтық» атағы бар ансамбльдер бар. Мәселен, Түркияны тамсандырған «Әдемі-ау» ән-би ансамблін айтуға болады. Құрамында 104 қызы бар би тобының жетекшісі Ләззат Жайсанбаеваның аудан мәдениетінде сіңірген еңбегі зор. Сонау жылдардан бері келе жатқан «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблі мен «Сұлутөр» халықтық вокалды-аспапты ансамблін де аудан жұртшылығы жақсы таниды. Сондай-ақ, өз тыңдаушысын тапқан «Сударушка» фольклорлық ансамблі де «халықтық» атағына ие. Ал құрылғанына ұзақ уақыт болмағанымен, бірнеше қойылымдарын көрермен назарына ұсынып, халықтың ыстық ықыласына бөленген Б.Битанов атындағы халықтық театрдың орны тым бөлек. Сонымен бірге, ауданымыздағы этномәдени орталықтардың бірі – «Эльбурс» қарашай этномәдени ән-би ансамблі де өз өнерімен ерекшеленуде. Аталған өнерпаздардың барлығы да күні бүгінге дейін «халықтық» атағына ие болып келсе, күні кеше осы атақты барын салып қорғап шықты. Тіпті, олардың өнеріне тамсанған облыстан келген комиссия мүшелері орындарынан тік тұрып қошемет көрсетті. Әрине, мұның барлығы – ауданымыздың ауыз толтырып айтар жетістігі мен мәдениет бөлімінің үздіксіз еткен еңбегінің жемісі деп білеміз.
Суреттерде: «Сұлутөр» халықтық ансамблі; «Әдемі-ау» халықтық ән би ансамблі; Басқар Битанов атындағы халық театры; Қарашай этно-мәдени ансамблі; «Сударушка» халықтық фольклорлық ансамблі сахнада өздерінің халықтық атағын қорғауда.
Салтанат Қарасай.