Абай мұрасы дәріптелді

616 Views

Биыл ұлы ақын, философ, ағартушы, абыз Абайдың 175 жылдығын еліміз кең көлемде тойлап жатыр. Ел-елде, жер-жерде Абай Құнанбайұлының шығармашылығы дәріптеліп, ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр. Сол үрдісті жалғап, аудан мектептері де түрлі танымдық сабақтар өткізіп, оқушыларға Абай мұрасын насихаттауда. Соның бірін «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сандуғаш Садықова 2 «е» сынып оқушыларымен өткізді. Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздерін меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру мақсатында өткен ашық сабақ көздеген мақсатына жетті. Өйткені, оқушылар сабақ барысында Абайдың мол мұрасымен танысып, біраз мағлұмат алды.
«Қазіргі ақындар Абай мектебінен өткен. Абай салып кеткен ізбен келеді. Оның дәлелі мінекей, бүгін Абай өміріне шолу жасадық» деген ұстаз сабағын Елбасымыздың «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген сөзімен аяқтады.

Арай Әнтаева,  ата-ана.

Поделиться ссылкой: