Жемқорлық — індет, жою — міндет

661 Views

Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес» деп, жемқорлықтың аса қауіпті індет екенін айтады. Расымен де қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарық­тық экономиканың құрылуын, инвес­тициялар тарту процесін тежейді. Демо­кратиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсе­рін тигізіп, елдің дамуына қауіп төндіреді. Сондықтан да Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі ба­сым­дықтарының бірі сыбайлас жем­қорлықпен күрес болып отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз — ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді. Олар: жемқорлықты жаһандық жегі құрт ретінде тани білуі, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі.
Осы ретте, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі ком­му­налдық мемлекеттік мекемесінің қыз­меткерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жалпы республикалық «Адалдық сағаты» іс-шарасы аясында «Сы­байлас жемқорлықтың алдын-алу – мемлекет дамуының негізгі фак­торы» атты тақырыбында лекция фор­матында жиын өтті. Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы страте­гия­сының мақсаттары және оның алдын-алу үшін елімізде қалыптасқан институционалдық және құқықтық база жөнінде түсіндіріліп, талқыланды.
Ауданымыздағы сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері жөніндегі аудандық комиссия кеңесі отырысы хаттамаларының орындалуы бойынша әр тоқсанында атқарылған жұмыстар мен қабылданған шараларға сәйкес тиісті ақпараттар ұсынылады. Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі және «сенім телефоны», ақпараттық бұрыш және де Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мекеме ғимаратында орнатылған.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерін және мемлекеттік органдардың есепші-бухгалтер мамандарына Қазақстан Рес­пуб­ликасының Бюджет Кодексіне, Қа­зақстан Республикасының «Мем­ле­кеттік сатып алу туралы» Заңына және өзге де заңнамасын түсіндіру бойынша ағымдағы жылда құ­қық­тық оқытулар мен семинар-кеңес­тер ұйымдастырылды. Алдағы уа­қытта қараша айында Қазақстан Рес­публикасының «Мемлекеттік са­тып алу туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша құқықтық оқыту семинар ұйымдастыру жоспарлануда. Мемлекеттік сатып алуды орындау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алу жоспары мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне және де азаматтардың еркін қол жеткізуіне арналған пошта жәшігі орналастырылған.

Тойшығұл Жапарқұлов,
аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы.

Поделиться ссылкой: