“Ауыл — ел бесігі” экспедициясы Құланда

1 140 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғам­дық диалог – Қазақстанның тұрақ­тылығы мен өркендеуінің негізі» ат­ты Жолдауы аясында «Нұр Отан» пар­тиясы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Қазақстан дәуірі» газеті, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайтының бірлескен «Ауыл – ел бе­сігі» атты экспедициясы Жамбыл об­лысында сапарда жүр. Өткен сейсенбіде халықаралық «Қазақстан дәуірі» қо­ғамдық-саяси газетінің бас директоры, Қазақстан Республикасының ең­бек сіңірген қайраткері Сәуле Мешіт­байқызы ауданымызға келіп, аудан жұрт­шылығымен кездесті.
Ел анасы атанған Сәуле Мешіт­байқызы ең әуелі қазақтың бас ақыны Абай ауылындағы хакімнің есімімен аталатын білім ошағында ұстаздармен және оқушылармен пікірлесіп, елдің көкейінде жүрген өзекті мәселелерді сөз етті. Абай орта мектебінің директоры Әйтен Әбішев ауыл тарихы жайында сөз қозғап, киелі Құлан жеріне арнайы сапарлап келген Сәуле Мешітбайқызына зор алғысын білдірді. Кездесу еркін форматта өтіп, халықаралық «Қазақстан дәуірі» газетінің бас директоры және «Мөлдір бұлақ» танымдық журналының құрылтайшысы Сәуле Мешітбайқызы оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға мазмұнды мысалдармен жауап беріп отырды.Бұдан соң, экспедиция мүшелері дендро саябақ маңындағы «Құлан Агропаркі» интенсивті алма ба­ғына барды. «SV AGRO» ЖШС-нің атқарушы директоры Ринат Мир­хадиров келген меймандарға жоба қуатты­лығының өнімділігі мен алманы экс­порттау турасында сөз қозғады. Өз кезегінде Сәуле Мешітбайқызы халықаралық газет көтеріп отырған «Ауыл – ел бесігі» атты жобаның не­гізгі мақсаты дәл осындай жеміс-жи­дек бағының әлеуетін күллі жаһанға жа­рия ету екенін айтты. Сондай-ақ, Құлан­ның даңқын әлемге танытатын «Құлан Агропаркінің» қарқынды жұмы­сына дән риза болып, ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға күш салып жатқан жоба жетекшісі Мейірлан Бейбітқұлұлына алғысын білдірді.
Кездесу аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында жалғасын тапты. Сәуле Мешітбайқызы қоғамдағы газеттің беделі мен оқылымы жайында сүбелі сөз қозғап, «Қазақстан дәуірі» газетінің журналистері қозғаған мәселелер ешқашан назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Аудан әкімі­нің орынбасары Бейсенбек Әлпейісов аталмыш газетте тұрақты түрде жа­рия­ланып тұратын есімі елге белгілі тұғырлы тұлғалар жайындағы мақа­ла­ларды жиі оқып тұратындығын, бұл газет­тің бұрын «Қазақстан заман» деп атал­ғандығын тілге тиек ете келіп, жиын­ға қатысушыларға «Қазақстан дәуі­ріне» жазылуға кеңес берді.

Марат Диханбай.
Суретте: «Қазақстан дәуірі» газетінің бас директоры Сәуле Мешітбайқызы «Құлан Агропаркінде».

Суретті түсірген:
Т.Досбембетов.

Поделиться ссылкой: