Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында аз қамтылған, жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді. Негізінен көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету жұмыстары ауданымызда сәт сайын ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы аталмыш акцияға «Құлан жолдары» ЖШС-і атсалысты. Күнделікті өмірге қажетті азық-түліктердің 10 түрі салынған себеттерді аудан басшысы Ерболат Садырқұлов пен оның орынбасары Руслан Оразхан Құлан және Луговой ауылдарында тұратын көпбалалы отбасылардың шаңырақтарына арнайы барып, табыстап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мереке қарсаңында мейірімге бөленген отбасылардың қатарында жеті баланың анасы Анастасия Пономарева да бар. Естеріңізде болса, дәл осы көп балалы ананың Зинаида атты сәбиі «Ұлттық домбыра» күнінде дүниеге келіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының логотипі бар домбыраға ие болған болатын. Бүгінде сол домбыраны балалары үлкен ықыласпен үйренуге талпынып жүргенін тілге тиек еткен ана өзіне көрсетілген ілтипатқа дән риза екенін айтып, аудан басшысы алғысын жеткізді.
Дәл осындай форматтағы көмектерді бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері де елді мекендерде ұйымдастырды. Әсіресе, акцияға аудан әкімдігінің тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен Луговой, Жанатұрмыс, Ақниет ауылдық округтері белсене қатысты.
Жәнібек СӘДУАҚАС.