Әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қызметі

447 Views

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және жоспарлау бөлімі» КММ-сі Т.Рысқұлов аудандық мәсли­хатының 2019 жылғы «_04_» науры­зындағы №38-7 және 2019 жылғы «24» қазандағы № 46-5 шешiмдерінiң негiзiнде Т.Рысқұлов ауданының елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау,білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөнінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандартының 9-тармағына сәйкес, қызметті алушы немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілінен жүгінген кезде төмендегі құжаттарды қабылдайды
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;
2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат­тың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;
неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін) (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);
аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйе­лерден мәліметтер болмаған жағдайда);
3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;
неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін) (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);
аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйе­лерден мәліметтер болмаған жағдайда);
маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
кепілге қойылған мүлікті сақтан­дыру шарты;
берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқада және көшірмелерімен ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берілген күні қайта­рылады.
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағ­дайда), пошталық мекенжайы, телефон нөмірі, өтініш берген күні көрсетілген және өтінішті қабылдаған адамның қолы қойылған қолхат көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қа­былдауды растау болып табылады.

Құжаттар төмендегі мекен жайда қабылданады: Құлан ауылы, Жібек жолы №75, Т.Рысқұлов аудандық әкімдігінің ғимараты, 3-ші қабат, аудан әкімдігінің экономика және жоспарлау бөлімі, 312 кабинет, телефон 2-17-05.

Л.Сапарбекова,
аудан әкімдігінің экономика және жоспарлау бөлімінің
басшысы.

Поделиться ссылкой: