Қазақтың «Амалы» – татулықтың қамалы
14 ViewsҚазақстанның батыс аймағындағы облыстар Көрісу мерекесін өте жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл мерекеге оңтүстік өңірлердегі жұртшылықта ерекше ден қою үстінде. Онысы өте дұрыс деп…
Аудан тізгінін ұстаған тоғыз айдың ішінде аудан әкімі Ерболат Садырқұлов барынша халық үніне құлақ асып, ел ішіндегі негізгі мәселелерді шешудің жолдарын қарастырып келеді. «Nur Otan» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалында аудан әкімі, филиал төрағасы Ерболат Салқынбекұлының қатысуымен өткен қоғамдық қабылдауда да тұрғындар тілегі ескерілді. Қабылдауға жазылғандардың үшеуі тұрғын үй мәселесін көтерді. Соның бірі Шөңгер ауылының тұрғыны Ермеккүл Сұлтангазиева. Ол 2009 жылы тұрғын үй кезегіне тұрған. Бүгінде 4 баласы бар ананың бар арманы баспаналы болу екен. Ермеккүл Ермекқызының өтінішін мұқият тыңдаған аудан басшысы «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы арқылы Луговой ауылынан үй алуға болатынын айтып, құжаттарын реттеуді тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Мақсат Дауытбековке тапсырды. Сол секілді Луговой ауылының тұрғыны Ғалия Асқарова да «Бақытты отбасы» бағдарламасымен тұрғын үй алғысы келетінін жеткізді. Алайда 3 баланың анасы осы кезге дейін тұрғын үй кезегінде тұрмаған болып шықты. Мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй алудың жолдарын сұраған Айсұлу Жансақбаеваның өтініші де аудан басшысының назарынан тыс қалмады. Екеуіне де заң аясында тұрғын үй алудың жолдары түсіндірілді. Бұдан бөлек тұрғындар тарапынан өзге де мәселелер көтеріліп, оның шешілу жолдары қарастырылды.
Мереке Ержанұлы.