Сенбілік жұмыстарына қатысты
35 ViewsАуданда сенбілік жұмыстары жалғасуда. Өткен сенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылының шығыс бөлігінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер маңында тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына қатысты.…
Жуырда аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде «Жамбыл — менің жай атым, халық – менің шын атым» атты аудандық айтыстың іріктеу кезеңі өтті. Жылдағы дәстүрге сай өткізілген аламанға ауданға қарасты ауылдық округтерден ақындар келіп қатысып, өзара бақ сынады.
Ақындар сынға түскен аламанға «Руханият және тарихтану орталығы» директорының орынбасары, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ахметжан Өзбеков пен Алтынкүл Қасымбекова, Айтмұханбет Исақов және Ербол Қамбатыров секілді айтыскер ақындар қазылық етті.
Ұйымдастырылған сайыстың басты мақсаты – «Жыр алыбы» атанған Жамбыл жайында халыққа кеңінен мағлұмат беру, сонымен қатар, ауылдық жерлерде танылмай жатқан талант иелерін анықтап, ел алдына шығару көзделді.
Жеребе тартылғаннан кейін, сайысқа түскен ақындар жұпқа бөлініп, сөздері мен ойларын салыстырып көрді. Олар көбіне қоғамда орын алып отырған әлеуметтік жағдайларды, келеңсіздіктер мен қиындықтарды сөз етті. Сонымен қатар, Жамбыл Жабаевтың елі үшін жасаған жақсылықтарын жырға қосып, көрерменнің санасына қонымды ой сыйлады.
Әділқазы алқаларының шешімі бойынша жарлысулық Айтбек Тұрсынбай мен Тереңөзек ауылынан келіп қатысқан Жамбыл Тышқанов облыстық іріктеуге жолдама алып, ұйымдастырушылар дайындаған арнайы марапаттарға ие болды. Ал, аудандық іріктеуге қатысқан өзге ақындарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.