Жарыс жеңімпаздары анықталды

782 Views

Күні кеше аудандық пробация қызметі мен аудан әкімдігіне қарасты спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Еріктілер» жылына орай пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар арасында үстел тенисінен «Спорт- денсаулық кепілі» атты жарыс өтті. Жарысқа 10 ауылдық округтен 16 азамат келіп қатысты. Аудан орталығындағы спорт кешенінде өткен жарыс спорт бөлімінің басшысы Ерлік Шәбеевтің құттықтау сөзімен ашылды. Ар­тынша кім мықтыны анықтау үшін кіл мықтылар жарыс көрігін қыз­дыр­ды. Көп ұзамай шыныққан шын шебер­лер дараланып, финалдық кезеңге жолдама алды. Тартысқа толы жарыс­та қарақыстақтық қос тенисші топ жар­­ды. Атап айтқанда, Каменка ауылы­ның қос азаматы Нұрсат Райқұлов І орынды, Арнұр Тымбаев ІІ орынды иеленсе, Құлан ауылының тұрғыны Азат Әмірқұлов жүлделі ІІІ орынды еншіледі. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар марапатталды.

А.Сукенов,
аудандық пробация қызметінің бөлім бастығы, әділет майоры.

Поделиться ссылкой: