Қоғамдық кеңестің мүшелері аудан әкімінің есебін жоғары бағалады

657 Views

Кеше аудандық Қоғамдық кеңес мүше­лері әкімдіктің кіші мәжіліс за­лында аудан әкімі Ерболат Садыр­құловтың 2019 жылдың қорытындысы бо­йынша атқарылған жылдық есебін тың­дады. Жиынды аудандық Қоғамдық кеңес­тің төрағасы Пазыл Сүлейменов ашып, жүргізіп отырды.
Пазыл Сүлейменов аудан басшысы Ербо­лат Салқынбекұлының бұған дейін әр ауылдық округте өзінің қорытынды есе­бін беріп, жұртшылықтың ыстық ықы­ласына кенеліп келгендігін айтып, баян­дама жасау үшін сөзді аудан әкі­мі­не берді. Аудан басшысы бағдарлы баян­дамасында өткен жылы атқарылған жұмыс­тар тізбегін былайша өрбітті.
«Құрметті Қоғамдық ке­ңес мүшелері! Мен бүгін өздеріңізге 2019 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында атқарылған тынымды тірлік­тердің тізбегін баяндап өтсем дей­мін. Шыны керек, өткен жылы ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық, соны­мен бірге, бұдан өзге салаларда да ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәсе­лен, денсаулық сақтау саласын айтар бол­сам, былтыр аудан аумағындағы 9 ауылда жаңа медпункт ғимараты салын­ды. Бұл деген өте жақсы көрсеткіш. Биыл біз тағы екі ауылға дәл осындай медициналық нысан салуды көздеп отыр­мыз. Ол Жаңатұрмыс және Жақсы­лық ауылдарына салынатын болады. Әрине бүгінгі таңда ауылдық жерлердегі ең басты проблеманың бірі, ол – газ және ауыз су мәселесі екені жасырын емес. Біз бұл тұрғыда да көптеген жұмыстар атқарып келеміз. Атап айтсақ, аудан аумағында 42 елдімекен бар. Осы 42 елдімекеннің 26-сына жаңа ауыз жүйесі тартылған болса, 9-ы ескі арна болып тұр. Биыл біз 7 ауылға жаңа ауыз су жүйесін жүргізетін боламыз. Олар әрине, бірінші кезекте Әбжапар, содан соң Жарлысу, Құмарық Алғабас, Байтелі ауылдары. Бұған республикалық бюжеттен қаражат бөлінген. Сондай-ақ, біз облыстық бюджет есебінен Тасшолақ пен Құлан ауылына да жаңа ауыз су жүйесін тартуды көздеп отырмыз. Ал газ мәселесіне келсек, 42 елдімекеннің 24-інде газ бар. Біз былтыр 6 ауылға қаржы қойып, оның жобалық сметалық құжаттарын жасадық. Олар Қорағаты және Ақниет ауылдық округі. Шолаққайыңды және Шөңгер ауылдарына да облыстық бюджет тарапынан газ кіргізуді жоспарлап отырмыз. 6 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан Жаңатұрмыс пен Қарақыстақ ауылдық округтеріндегі жағдайды да мен өз бақылауымда ұстап отырмын. Бұл мәселе бойынша да өздеріңіздің тараптан маған үлкен қолдау болады деген сенімдемін» деді аудан басшысы өз баяндамасында.
Бұдан соң, ұзақ жылдар бойы мем­лекеттік қызметте абыроймен қызмет атқарып, зейнетке шыққан аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі Бақытжан Іңкәрбеков жарыссөзге шығып, аудан әкімінің есебін қанағаттанарлық деп баға­лады. Жарыссөзге жазылып, сөз сөйлеген аудандық Қоғамдық ке­ңес­тің мүшелері «Құлан Дән» не­сие серіктестігі басқармасының дирек­торы Рахманәлі Әбдіқадыров пен зей­неткер Мұратхан Ыстыбаев та аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың бас­шылығымен жүзеге асқан өткен жыл­ғы тынымды тірліктерге көңілдері тола­тынын білдірді. Қоғамдық кеңес мүше­лері өз кезегінде аудан аумағында қаңғы­бас иттердің қаптап жүргенін сөз етіп, бұны бақылауға алу қажеттігін айт­ты. Аудан әкімі бұл мәселені хатта­маға енгізуді жүктеп, аталған мәсе­ле бойынша жұмыс жүргізілетінін жет­кіз­ді.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: