Тұрғындардың тілегі ескеріледі

652 Views

Облыс басшысы Асқар Мырзахметов «Nur Otan» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалында жергілікті тұрғындарды қабылдады. Қоғамдық қабылдауға келгендер бірнеше мәселені сөз етті. Айтылған мәселелердің қай-қайсысы да өзекті. Десек те облыс басшысы Қарақат ауылының тұрғыны Үмбет Жанәділов пен Құлан ауылының тұрғыны Дария Түлендібеваның өтінішіне ерекше мән берді. Алғашқысы тұрғындардан тері-жүн қабылдайтынын, алайда оны өткізетін, өңдейтін облыста ешқандай кәсіпорын жоқтығын алдыға тартса, мүмкіндігі шектеулі баласының күтімімен отырған Дария Асылбекқызы көп жылдан бері пәтер кезегінде тұрғанын айтып, баспаналы болуды армандайтынын жеткізді. Екі мәселенің тиянақты шешілу жолдарын қарастырған облыс әкімі басқарма басшыларына тиімді тетіктерін қарастыруды тапсырды.
Қоғамдық қабылдауға құландық Нұрбек Рахметов тұрақты жұмыс сұрай келсе, Малдыбай ауылының тұрғыны Айтжан Нарбаев Малдыбай ауылына жаңа мектеп құрылысын салу мәселесін көтерді. Ал, Қарақыстақ ауылдық округінен келген Майра Өміралиева Каменка, Қазақ ауылдарына газ кіргізілсе деген өтінішін жеткізді. Аталған мәселелердің барлығы бақылауға алынды.

Арай Әнтаева,
«Nur Otan» партиясы Тұрар Рысқұлов
аудандық филиалының консультанты.

Поделиться ссылкой: