Ағаш көшеттері отырғызылды
51 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Биыл Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына — 31 жыл. Осы атаулы күнге орай, аудан әкімдігінің білім бөлімі Балалар мен жасөспірімдер орталығында интернационалист- жауынгерлермен кездесу, тәрбие сағаттары өтті. 10 жылға созылған ауған жеріндегі майданға 22 269 қазақстандық аттанса, оның 924-і қаза тапқан. 1015-і әр түрлі деңгейдегі жарақат алып, 21 жауынгер із-түссіз кеткен. Біздің мақсатымыз ауған ақиқатына шолу жасау, тәрбиеленушілерді Отанды, елін сүю, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу, ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, әсіресе, ұлттық намыс, ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру, дағдыландыру.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім ұялатып, рухани және тарихи құндылықтарды қастерлеуге үйретеді. Жастардың зұлмат соғыс жайында көлденең ақпараттардан білмей, ардагерлердің өз аузынан естуі өзекті.
Оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына іс-шараға келген ардагерлер Қанат Момбеков, Сәрсенбай Түйебаев, Жанат Ноғайбаев, Шыңғыс Нанаев жауап беріп, жауынгерлердің ерліктері туралы баяндап, өз Отанын жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды. Кездесу соңында орталық тәрбиеленушілері бимен көмкеріп туған жер, достық, патриоттық жыр шумақтарын оқыды.
Өткенін ескермеген өшеді,
Өткенін қастерлеген өседі, — демекші, берер тәлімі мол тарихтың куәгерлері сіздердің ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды!
М.Ибрагимов,
аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.