Жүрекке жылулық сыйлаған

828 Views

Мектебіміздегі «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылып, одан әрі жоба авторы Сара Назарбаеваның «Бөбек» қорындағы ұстаздарға ең бастысы мектепте рухани-адамгершілік болуы туралы айтылған «Адамды сүю» видеосынан үзінді көрсетілді. Алғашқы сөз кезе­гін алған мектептің оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Шотаева мек­теп оқушыларына ізгі тілегін «Адам бол!» сөзімен бастап, әрбір адамның өмірі өзін-өзі танумен басталатынын атап өтті.
Салтанатты жиын соңында оқу­шы­лар мен мұғалімдер бір-біріне жы­лы тілектерін білдірді. Осы күннен бастап мектебімізде «Жүректен жү­рекке» атты мейірімділік акциясы бас­талды. Онкүндік барысында мектеп оқушылары «Ана, мейірімділік, әлем, достық» тақырыбында шығармашылық қабырға газетін шығарды.
Келесі күні «Алтын жүрек анамыз!» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа белсене қатысқан оқушылар мадақтама қағаздарымен марапатталып, қалған оқушыларға номинациялар берілді. Сонымен қатар, осы күні «Алтын жүрек анамыз!» атты мектептің кітапхана көрмесіне саяхат жасалды.
Онкүндіктің қорытынды жиыны ең бірінші «Все оставляет свой след» атты видео көрсетіліммен басталып, «Ақ тілек», «Туған жерім» әндері орындалды.
«Руханилықтың мөлдір бұлағы» қолдан жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастырылып, мектеп оқушы­ла­рының қатысуымен театрланған қойы­лымдар қойылды. «Қайырымдылық — жер бетінде!» флеш – мобы өтті.
«Ән – көңілдің ажары» атты фес­ти­валь-конкурсқа барлық оқушылар белсене қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.
Мектеп оқу­шы­ларының жәрмен­кесі ұйымдастырып, одан түс­кен қаражатқа көп балалы үш отбасыға 4000 теңгенің сертификаттары ұсынылды.
Іс шара соңында «Мейірімді жүрек­тер ынты­мақ­тас­тығы» деген тақы­рып­та демеуші меценаттарды тар­та оты­рып, балаларға сыйлықтар беріл­­ді. Атап айтатын болсақ, мектеп басшысы Дархан Бұламбаев, ауылымыздың жас кәсіпкерлері Азамат Сәмбетқұлов, Жалғас Избасараов, мектеп психологі Әлия Мұхтарқұлова, өзін-өзі тану пә­ні­­нің мұғалімі Индира Әшімбекова, Аида Рысбекова, интернат тәрбие­шісі Нұржамал Мұратова демеушілік көрсетті.

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері.
А.Шынәсілов атындағы орта мектеп.

Поделиться ссылкой: