Қайырымдылық мейіріммен бағалы

776 Views

Жуырда Көкдөнен ауылындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында «Элай Құлан» қоғамдық бірлестігінің оңалту орта­лығында жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ар­налған «Мейірімді жүректер ын­тымақтастығы» атты қайырым­ды­­лық марафонын ұйымдастырды. Қайырымдылық шарасына Өнер мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Е.Садыханов демеушілік жасап, алғысқа кенелді. Шара барысында Ахмет Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектептің оқушылары жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар назарына концерт­тік бағдарлама ұсынып, өз өнерлерін көрсетті. Осылайша оқушылар күй­бең тіршіліктен құлазыған қа­зы­налы қарттардың көңілін бір сер­пілтіп, жүздеріне күлкі сыйлады. Оқушылардың өнеріне тәнті болған асқар таудай аталарымыз бен мүм­кіндігі шектеулі жандардың бір сәт көрген қиындықтары ұмыт болып, көздері нұрлана күлімсіреп қалды. Концерттік бағдарлама аяқталған соң аталмыш мектептің өзін-өзі тану пәнінің ұстаздары Б.Даулеткелдиев, Г.Қырықбаева білім ошағының тұрақ­ты демеушілерінің атынан сыйлықтар табыс етіп, арнайы дастархан жайды. Дастархан басында қарттар оқушы­лар­ға ақыл-кеңестерін айтып, ізгі лебізде­рін білдірді.

Л.Тәжіманова,
Ахмет Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.

Поделиться ссылкой: