Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады

537 Views

Президентке білім және ғылым сала­сының қазіргі ахуалы жайында баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім беру­дің сапасын одан әрі арттыру, қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапа­­сының деңгейін сәйкестендіру қажет­­­тігіне баса мән берді. Сонымен қатар балаларға қосымша білім беру шара­ларын көбейтудің, мектептерде тәрбие жұмыстарын белсенді жүргізу­дің маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысы облыс әкім­дері­­­мен бірлесіп апатты және үш ауысым­дағы мектептердің проблемасын шешу, білім беру ошақтарында күрделі жөн­деу жұмыстарын уақтылы жүргізу қажет­ті­гін айтты.
Сондай-ақ Президент ғылым сала­сын қаржыландыру және басқару жүйе­сін жаңғырту шараларын қабыл­дау­ды, ғылым­ға бөлінетін қаржы көле­мін кө­бей­туді, ғылыми кадрларды да­йын­­дау­дың тиімділігін арттыруды тап­­сыр­­ды.

Akorda.kz

Поделиться ссылкой: