Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Жиында алғашқы сөз «Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ерболат Садырқұловқа берілді. Аудандық филиал төрағасы өзінің баяндамасында партияның басым бағыттары жайында кеңінен сөз қозғады. Әсіресе, партияның Саяси кеңесі ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты жаңғырту бағдарламасына кеңінен тоқталып, ондағы ұтымды ұсыныстар туралы баяндады. «Бұл партиялық құжат қазіргі таңда көпұлтты қазақстандықтардың қызу қолдауына ие болып отыр. Елбасы тапсырғандай, біз негізінен партия мүшелерінің санына емес, сапасына басты назар аударып отырмыз. Соның нәтижесінде 100-ге дейінгі партия мүшесі бар шағын ұйымдар ірі бастауыш ұйымдарға біріктірілді. Партия аудандық филиалының Қоғамдық қабылдауына 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 413 өтініш түсіп, оның 152-і оң шешімін тапса, 261 өтінішке заңнама аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Партия жұмысын жандандыру мақсатында аудандық филиалға қарасты 20 бастауыш партия ұйымдарының жеке кабинеттерінде кестеге сәйкес азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өткізу жұмысы жолға қойылды» деп атқарылған жұмыстарды баяндап берді. Одан бөлек, Ерболат Салқынбекұлы партияның жаңғыру жолында жасалынып жатқан жұмыстарға шолу жасады. Әсіресе, өңірде іске асырылып жатқан «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен», «Халыққа көмек», «Дипломмен – ауылға» сынды жобалардың артықшылықтары мен маңыздылығына ерекше тоқталып, көпшілікті аталмыш жобалардың жұмысына сергек қарауға және партияның бағдарламалық құжаттарын табысты іске асыруға шақырды.
Жиын барысында жарыссөзге шығып, өз ойларын ортаға салған азаматтар да болды. Солардың қатарында «Қарақат» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мереке Айнақұлов та бар. Мереке Ержанұлы «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламаның алтыншы бағыты жөнінде сөз өрбітіп, әріптестерін нақты және жалған ақпаратты ажырата білуге шақырды. Сонымен қатар, өзі жетекшілік ететін «Қарақат» бастауыш партия ұйымының атқарған жұмыстарына тоқталды. Аудан жастары атынан «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары Бахтияр Дидарұлы да мінберге шығып, сөз сөйледі. Жастар орталығының өкілі жыл бойы атқарылған жұмыстарға талдау жасап, алдағы уақытта жүзеге асырылуға тиісті жұмыстарды да жіпке тізді.
Конференция соңында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясына делегаттар ұсынылып, 20-ға жуық партия мүшелері бір ауыздан сайланды.