Ботулизмнің алдын алу
36 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Ауданымыздағы барлық шағын орталықты мектептердің тәлімгерлері, меңгерушілері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 25 тыңдаушы екі апталық оқу курсынан өтуде. Курстарды облыс орталығындағы «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының мамандары өткізуде. Сабақтар Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің оқу залында өтуде.
Біздің ауданымыздағы курсты жаттықтырушы, осы институттың білікті педагогы Гүлхан Сабырханқызы Аманова өткізуде. Оның ұстаздық өтілі 20 жыл, осы институтта сегіз жылдан бері оқытушы болып жұмыс істеп келеді.
– Қазіргі таңда біз жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақ кестесін жасап, тыңдаушыларды оқытудың ең үздік технологияларымен таныстырудамыз. Курс соңында әр тыңдаушы екі аптада алған білімдері бойынша сынақ тапсырып, арнайы сертификат алады. Біздің мақсатымыз «Мұғалім мәртебесіне» лайықты дәріс беру,- дейді Гүлхан Сабырханқызы.
Техникалық прогресс алға жылжыған сайын оқу процесіне жаңа технологиялық үрдістер енгізіліп отырады. Сондықтан мұғалімдердің білімі мен біліктілігін жетілдіру заман талабы болып табылады. Демек, білімдінің қолында әрқашан «алтын шырақ» болғаны жөн.
С.Қожеке.