Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Бүгінгі жас ұрпақты тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы – балабақша. Сондықтан да онда қызмет ететін тәрбиешілер «білім» атты қазынаны бүлдіршіндердің бойына сіңіруді өздерінің тікелей міндеті деп санайды. Қазақ ақыны М.Шаханов «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады . Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек» — деген сөзін өмірлік ұстанымдары ретінде қабылдаған тәрбиешілеріміз бүлдіршіндер тәрбиесіне өз үлестерін қосып қана қоймай, оларға өз ата-анасындай мейірімділік танытып, балапандарды бауырына тарта білуге дағдыланған. Жуырда балабақша тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері өзара бірлесіп, ілкімді іс-шаралардың бірін ұйымдастырды. Айта кету керек, аталмыш шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын негізге ала отырып, ұйымдастырылды. Нақтылап айтар болсақ, «Балауса» бөбекжай бақшасының «Қарлығаш» тобында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Менің анам алтын» атты байқау өткізілді. Тартысты өткен байқауда балалар мен аналары бірнеше кезеңдер бойынша бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Сонымен қатар, байқау барысында Абай Құнанбаевтың шығармалары орындалды.
Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Гаухар Байтүгелова,
«Балауса» бөбекжай-
бақшасының тәрбиешісі.