Бердібек Сапарбаев паралимпиада ойындарының чемпионын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

599 Views

Халықаралық әйелдер күні қар­саңында Жамбыл облы­сының әкімі Бердібек Сапарбаев чемпион Зульфия Ғабидуллина мен көп балалы ана Ай­жарқын Сарықованы мерекемен құт­тықтап, үйлеріне арнайы барып,ізгі лебізін білдірді.
Рио-де-Жанейрода өткен Па­ра­­лим­­пиа­далық ойындарында жүзу бо­­йын­­ша Алтын медаль иегері Зуль­­­­­­фия Габидуллина ешқандай қиын­шы­­­­­лықтарға мойымай табандылық пен ең­бек­­­­кештікпен өмір сүрудің жарқын үл­­­гісі болып табылады десек артық айт­­­паймыз.
— Мен сізге Мемлекет Басшысы Қа­­­сым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Құт­­тықтауын жеткізгім келеді. Сіз­дің мінезіңізді, төзімділігіңіз және еңбек­қорлығыңызды құрметтейміз. Сіз тек даңқты спортшы ғана емес, адам ретінде де көпке үлгісіз. Мұқтаж от­басыларға көмек көрсетіп, өз қара­­жатыңызға балаларға арналған спорт алаңын салдыңыз. Басқа да игі істер­мен айналысып келесіз,-дей келе облыс әкімі Зульфия Ғабидуллинаны ме­ре­кемен құттықтап, оған гүл шоғын және Мем­лекет басшысының құттықтау хатын табыс етті.
— Мен үшін облыс әкімінің өзі үйге ке­ліп лебізін білдіруі, ел Президентінің құт­тықтау хаты тосын сый болып отыр. Арнайы көңіл бөлгені үшін шын жүректен ризамын. Сондай-ақ, барша әйелдер қауымын әрдайым жар­қын өмір мен ізгілік тілеймін, — деді З.Ғабидуллина.
Сондай-ақ, аймақ басшысы көп­балалы ана Айжарқын Сарықованы да арнайы құттықтап барды. Ол бү­гінде жолдасы екеуі жеті бала тәр­биелеп отырған отбасылардың бірі. Бұл отбасы тұрақты түрде атаулы әлеу­меттік көмек, мүгедектігі және мүге­дектігі бар балаға күтім жасау бойынша жәрдемақы, балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер алып тұрады.
Бердібек Сапарбаев көп балалы ананы мерекесімен құттықтап, гүл шо­ғын табыс етті. Ал, балаларына тәттілер мен жұмсақ ойыншықтар сыйлады.

Поделиться ссылкой: