Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Қытайдан бастау алған коронавирустың қазір бүкіл әлемге таралды. Соның салдарынан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл індетті пандемия деп жариялап, әлем елдері өз қауіпсіздіктерін күшейтіп жатыр. Қазақстанда да қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Соған қарамастан елімізде COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар тіркелді. Ал, бұл жаңалық елді елең еткізбей қойған жоқ. Дүрліккен халық дәріханалар мен дүкендерге сабылып, ұзын-сонар кезекті қолдан жасады. Тиісінше баға да құбыла бастады.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елге төтенше жағдай енгізді. Сондай-ақ, кеше телевизиялық Үндеу жасап, елді сабырға шақырды. Осындай күрделі ахуал кезеңінде барлық деңгейдегі билік өкілдері де тиісті шаралар қабылдап, вирустың алдын алу, азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау жолдарын қарастырып жатыр. Аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың аудандық орталық базарға барып, ондағы базар бағамына баса мән беруі соның айқын дәлелі. Азық-түлік бағасын жеке-жеке талдап, тиісті сала басшыларына бағаның тұрақты болуын қадағалап отыруды тапсырды. Сонымен қатар, базардағы сауда нүктелерінде санитарлық талаптардың қатаң сақталуы керектігін де жеткізді. Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Сақтасын Тастанов пен Құлан ауылының әкімі Мұрат Иманбаевтар берілген тапсырмаларға сәйкес жұмыла жұмыс істейтіндіктерін айтып, көз көрген кемшіліктерді қойын дәптерлеріне түртіп алды.
Аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы «Алтын сарай» сауда үйі мен сол маңайдағы дәріханаларға да барып, ондағы нарықты бағамдап көрді. Жұртшылықпен жүздесіп, тұрғындарды барлық сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Мереке Ержанұлы.