Ағаш көшеттері отырғызылды
28 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Бұған дейін біз басылым бетінде мемлекет тарапынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама аудан аумағындағы көп балалы отбасыларға үлестірілгені жөнінде жазған едік. Өткен жұмада Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектепте кепілдендірілген әлеуметтік топтама тағы да үлестірілді. Көп балалы аналарға ақпан айына тиесілі кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың өзі тапсырды.
Аудан басшысы өз сөзінде көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан жасалынып жатқан көмектердің жай-жапсарын айта келіп, осындай ел басына қиын сәт туған кезде бірлігіміздің мығым болуы қажеттігін айтты. Айта кетейік, қаңтар айында барлық ауылдық округтердегі 1 жастан 6 жасқа дейінгі 1348 балаға әлеуметтік кепілдендірілген топтама таратылған болатын. (Оның ішінде 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар саны — 525, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны — 823).
Аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айхан Назарбековтың айтуынша, ақпан айына тиесілі кепілдендірілген әлеуметтік топтама аудан бойынша 1563 балаға үлестіріліп отыр. (Оның ішінде 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар саны – 618, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны – 945).
Құлан ауылының тұрғыны Ұлбосын Садыбекова 5 баланың анасы. Ол қаңтар айына да, ақпан айына да тиесілі кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы алған жан. Көп балалы ана кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы қолына ұстап тұрып, аудан әкімі Ерболат Садырқұловқа өзі секілді көп бала дүниеге әкелген аналарға осындай зор құрмет көрсетіп, қолдау танытып жатқанына алғысын жаудырды.
Марат Жолдасбекұлы.