Ботулизмнің алдын алу
23 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Аудан халқының мәдени, рухани талап-тілегін қанағаттандыру жолында аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 1 кинотеатр, 1 жылжымалы автоклуб, 5 халықтық атағы бар өнер ұжымы, 7 ауылдық мәдениет үйі, 13 ауылдық клуб және 31 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда аудандық мәдениет үйі жанында 50 үйірме, 10 әуесқой клуб, («Балалар», «Жас жеткіншек», «Ақ әже», «Ақ босаға», «Демалыс», «Мұрагер», «Тоғызқұмалақ», «Теннис», «Футбол», «Қолөнер» сынды әуесқой клубтары) 5 халықтық атағы бар ұжымдар («Сұлутөр» халықтық фольклорлық ән-би ансамблі, «Сударушка» халықтық фольклорлық ансамблі, «Әдемі-ау» халықтық ән-би ансамблі, Басқар Битанов атындағы халықтық театр, Вокалды халықтық инструментальды ансамблінің ұжымдары), сондай-ақ, қазақ, орыс, өзбек, қарашай этно-мәдени бірлестіктері аудан халқына қызмет көрсетеді.
Мәдениет ошақтарында тұрғындардың сұранысы бойынша ақылы қызметтің деңгейін көтеру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. 2020 жылдың 3 айында 210 мәдени іс-шара өткізіліп, көрермен саны 19 308-ге жетіп, 54,7 мың теңгенің ақылы қызметі көрсетілді.
Өткізілген мәдени көпшілік іс-шараларға келер болсақ, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты барлық мәдениет ошақтарында 2020 жылдың 3 айында төмендегідей көпшілік іс-шаралар өткізілді.
Атап айтсақ, «Жамбыл — менің жай атым, халық — менің шын атым» атты ақындар айтысы, «Біртұтас ұлт болу» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу, жергілікті ақын, сазгер Назипа Құлбаеваның шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Әнім елге жетсе екен!» атты еске алу кеші, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай шығармаларынан» атты әдеби кеш, «Жаңарған Жамбылым!» атты эстрадалық әншілер конкурсы, «Ағалардың ерлігі — ұрпаққа өнеге» деген тақырыпта Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші, Көкдөнен және Луговой ауылдық мәдениет үйлерінде аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының қатысуымен «Ән жұлдызы Шәмші аға» атты әдеби сазды шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай — ұлы тұлға», Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Сағынады Мұқаңды сазды жүрек» және «Жырлайды жүрек» атты оқырманға ой салар поэзиялық кештер болып өтті. Бұдан өзге Құмарық ауылында Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Мәдениет қайраткері, әнші Досымжан Таңатаровтың қатысуымен өткен кездесу де жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шараның бірі болды. Сонымен қатар, халықаралық ана тілі мерекесіне орай «Ана тілім – айбыным!» деген тақырыптағы мерекелік кеш аудан аумағындағы барлық мәдени ошақтарда кеңінен аталып өтті. Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай барлық ауылдық клубтарда «Ауғанның отты жылдары» атты Ауған соғысы ардагерлерімен болған кездесулер мазмұнды өтті.
Қарақыстақ ауылдық кітапханасында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Ауғандағы азап шеккен арыстар» атты дөңгелек үстел, Луговой ауылдық мәдениет үйінде кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Ауғанның отты жылдары» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші, Қайыңды ауылдық кітапханасы мен Р.Смаилов атындағы орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» атты достық фестивалі өткізілді.
Биыл ел аумағында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ұлттық деңгейде аталып өтілетіндігі белгілі. Бұл ретте аудандық орталық кітапхана мен Құлан ауылдық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты әдеби панорама өткізілді.
Рүстем Қырықбаев,
аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының
міндетін атқарушы.