БАСТЫ МІНДЕТ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

616 Views

Қазіргі таңда жалпы елімізде, оның ішінде облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралу жағдайы көбейіп келеді. Өкінішке орай індет ошағы, яғни науқас азаматтар біздің ауданнан да тіркелді. Тиісті Алгоритмге сай мүдделі мекемелер тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Т.Рысқұлов аудандық төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб отырысының 2020 жылғы 25 мамырдағы №18 хаттамалық шешімімен карантиндік шектеулер күшейтілді, арнайы Құлан-Луговой-Абай бұрылысындағы блок-пост қайта жұмысқа кірісіп, мобильді топ мүшелері аудандағы барлық нысандардың санитарлық талапты сақтау жұмысына тексеру шараларын жүргізеді. Індет ошағы саналатын аумақта тұрғындардың үй-жайы, қарым-қатынастары құзырлы мекемелер тарапынан қатаң бақылауға алынып, тұрғындар қатаң карантиндік шектеулерді атқаруы тиіс.
Жалпы ахуал алаңдатарлық жағдайда. Төтенше жағдай тоқтатылғанымен карантиндік шектеулер жалғасатыны бұған дейін де ескертілген. Ал сақтық шараларын өрескел бұзып, қауіптің алдын алуға бағытталған жұмыстарды талапқа сай орындамау – азаматтар тарапынан жауапкершіліктің жоқтығы. Карантиндік шектеулердің барлық талаптары мен ауданның жедел штабы жүктеген міндеттердің қатаң сақталуын қамтамасыз ету — әр азаматтың парызы.
Сондықтан ауданның әрбір тұрғыны санитарлық — гигиеналық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы қажет! Қауіпсіздікті сақтау-әркімнің өз қолында. Себепсіз жиналып, қонаққа барудан, түрлі отбасылық басқосулар, топтанып қыдыру, отырыс пен жиындар, отбасылық мерекелер, діни жоралғылар /ас беру, құдайы тамақ, еске алу/ ұйымдастырудан бас тарту қажет.
Сауда орталықтарына, банктерге, поштаға және барлық қоғамдық орынға барғанда ара қашықтықты сақтап, бетперде киіп, антисептик пайдаланып, барлық гигиеналық талаптарды қатаң сақтау қажет. Тұрғын үйден аса қажет болмаса шықпаңыздар!

Аудан әкімдігінің
жедел штабы.

Поделиться ссылкой: