493 Views
Бүкіл әлемде 1 маусым – Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірі болып саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілген. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.Балаларды қорғау күні олардың өмірін, соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау , болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы.Адамзаттың алдында тұрған зор міндет болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
Халықаралық балаларды қорғау күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам. Кішкентай бүлдіршіндердің құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандар, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн.
Аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін ерекше балаларымызды мерекемен құттықтады. Құлан ауылдық округі бойынша 13 ерекше балаға 8 әлеуметтік қызметкер өз қол өнерлерімен сыйлықтар дайындап, құттықтау іс-шараларын ұйымдастырды.Осындай мереке бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әлеуметтік қызметкерлердің бұл бастамасына ата-аналар дән риза болды.
Ұрпақ – адамзатқа берген аманаттың ең асылы. Әр бала біздің баға жетпес қазынамыз. Жаздың алғашқы күнінде келіп жеткен айтулы мерекемен барша балақайларды құттықтаймыз.
Г. Кенесова,
аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету бөлімшесінің Құлан ауылдық округі бойынша әлеуметтік
қызметкері.
Поделиться ссылкой: