«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы – іс жүзінде

472 Views

Əлем постпандемиялық кезеңнің қам-қарекетіне кірісіп, жаһан елдері жұқпалы індет салдарынан тұралаған экономиканы қалпына келтірудің амалдарын қолға алуда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы да дағдарысқа қарсы кезекті мемлекеттік пакетті ұсынғанын білесіздер.Қазір күн тəртібіндегі негізгі мəселе — экономиканың өзін-өзі қамту деңгейін арттыру.
Қазақстан қазіргі экономикалық дағдарысқа төтеп беріп қана қоймай, болашақта жағдайды тұрақтандыру үшін қажетті іс-шаралар қабылдауы қажет. «Салық преференциялары мен жергілікті деңгейдегі қолдауды қоспағанда, дағдарысқа қарсы шаралар жиынтығы 4,4 триллион теңгені немесе 10 миллиард долларды құрайды. Осы қаражатты дұрыс игерген соң, біз дағдарысқа қарсы күресте жеңіске жететініміз сөзсіз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының айтуынша, дағдарыс мемлекеттік аппарат пен отандық бизнестің қозғаушы күші болады.»Осыдан алатын сабақтарды ескеруіміз керек. Сонымен қатар, жедел шаралардан басқа, жағдай тұрақтанғаннан кейін де жүйелі іс-шаралар қабылдау керек. Шын мәнінде, біз мүлдем жаңа жаһандық әлемнің табалдырығында тұрмыз. Онда Қазақстан өзінің лайықты орнын табуы тиіс», – деп атап өтті ел Президенті.
«Төтенше жағдай режимінің қашанда экономикалық және әлеуметтік салдары болады. Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды. Мен бұған дейін дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым. Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде қосымша шешімдер қабылдадым», – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев. Ендігі мақсат — Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді нәтижелі жүзеге асыру. Бұл бағытта біздің ауданда да ауқымды шаралар атқарылып келеді.
Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында ауданда да біршама жұмыстар қолға алынды. Бір айта кетерлігі, бұл жұмыстың барлығы халықпен кездесулер мен жиындарда туындаған өзекті мәселелерді шешуге бағытталып отыр. Ел Президенті «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру қажеттігін тапсырғандықтан, ол әрдайым маңыздылығын да жоғалтпайды.
Биыл ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 172 жобаға 3 248 609,0 мың тг бөлінді, 172 жоба, яғни 1 құрылыс, 7 күрделі жөндеу, 98 орташа жөндеу мен 66 ағымдағы жөндеу жұмыстары.
Нақтырақ айтар болсақ, Тасшолақ ауылында ауыз су жүйесі мен су іркуіш имаратын соғу құрылысына 370 163,0 мың теңге қаржы қарастырылып, тиісті жұмыстар басталып та кетті.
Ауданда 7 күрделі жөндеу жұмысы осы бағдарлама аясында сапалы жүргізілуде. Мысалы, Құлан ауындағы 3 мектептің (№1 мектеп-лицейі, Ә.Бөкейханов, Ш.Уәлиханов орта мектептері) күрделі жөндеу жұмысына 892,0 млн. теңге бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқу корпусы мен асханасының күрделі жөндеуіне қаржы қарастырылып, жұмыс өз деңгейінде басталды. 2 елді мекен Өрнек, Луговой ауылдарында ауылдық дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бағдарлама аясында 98 орташа жөндеу жұмыстары қолға алынды. Оның ішінде 17 елді мекенде 91 ауылішілік көше жолдарын жөндеу (716,7 млн.тг); аудандық 3 автомобиль жолын (Құлан – Шөңгер а/ж (64,7 млн.тг) мен Р.Сәбденов ауылына оңтүстік (9,1 млн.тг) және солтүстік кіре беріс (24,2 млн.тг)) орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, 4 елді мекенде Көкдөнен, Луговой, Жаңатұрмыс, Каменка ауылдарының орталық көшелерінде жаяу жүргіншілер үшін тротуар салу жұмысына 110,0 млн.теңге қаржы қарастырылып, халық игілігі үшін жұмыстар басталып та кетті.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 66 ағымдағы жөндеу қарастырылған, оның ішінде 37 мектеп ғимаратының ағымдағы жөндеуі мен мектеп ғимараты ішінен арнайы әжетхана соғу үшін 219,7 млн.тг. бөлінген. Бүгінгі таңда бұл жұмыс барлық білім ошақтарында басталып, тиісті жұмыстар сапалы жүргізілуде. Білім саласындағы ең өзекті мәселе – білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мен жарақтандырылуы. Бұл бағытта биылғы жылы ауданда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Алдағы оқу жылын оқушылар заманауи үлгіде жаңарған пән кабинеттерінде қарсы алатын болады. Ауданда жастардың білім алуына, ұстаздардың жайлы ортада жұмыс атқаруына жағдай жасау – уақыт талабы.
Халық сұранысына сай Құлан, Малдыбай ауылдарында 12,9 мың. тг. ауыз су жүйесін ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Шаруалар үшін аса қажетті 2 каналдың — «Сарыбұлақ», «Жарлысу» каналдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 37,0 млн.теңге қарастырылған.
Аудан бойынша 12 елді мекенде 30 көшеге жаңадан жарық шамдары орнатылып, 95 көшенің шамдары жаңа диодты шамдарға ауыстырылатын болады. Бұл мақсатқа 149,9 млн.теңге қарастырылған.
Сол сияқты 2 елді мекенде Ақыртөбе, Құмарық ауылдарының орталық саябақтарына орташа жөндеу жұмыстары үшін 12,4 млн.тг. қаржы қарастырылса, Қайыңды, Малдыбай ауылдарында күл-қоқыс тастайтын полигонды қоршау орнатуға 7,8 млн.тг қаржы қарастырылған.Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 3 елді мекенде Қазақ, Луговой, Жаңатұрмыс балалар ойын алаңшаларын соғуға 14,5 млн.теңге бөлінді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының 76 жобасы аясында 1082 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып, оның «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы 551 аудан тұрғынын жұмыспен қамту нақтыланған. Бүгінгі күнге 515 азамат жұмыспен қамтылды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясындағы жұмыстардың сапалы орындалуы, тиімділігі мен нәтижелі ұйымдастырылуы ау­дан әкімдігі мен «Қоғамдық бақы­лау тобы» мүшелері мен «Тұрар Рысқұлов-Адалдық алаңы» жобалық офисі мүшелері тарапынан қатаң қадағалауға алынды. Жұмыс алго­ритміне сай жүргізіліп жатқан барлық жұмыстарға қоғамдық бақылау қойылды. Объектілерде әр 15 ауылдық округте құрылған Қоғамдық бақылау тобы мүшелері рейдтік тексерулер мен зерделеулер жүргізіп, кемшіліктерді дер кезінде анықтап, мердігерлермен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл-халық игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарға деген жанашырлық. Сондықтан барша әріптестерімді ел игілігі жолындағы игі істерді атқаруда белсенді болуға шақырамын. Тұрар Рысқұлов ауданы жұртшылығы мен еңбеккерлері берекелі тірлігімен, әлі де ауданның әлеуетін арттырып, экономикасының өсуіне сүбелі үлес қосуға даяр екендігіне сенімдімін.

Е.Садырқұлов,
аудан әкімі.

Поделиться ссылкой: