Шоқ тілді Шона
17 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Бүгінгі таңда елімізде Коронавирус індетін жұқтырған 14809 адам тіркеліп отыр. Оның ішінде Жамбыл облысынан 491 адам тіркеліп, 313-і емделіп шықты. Өкінішке орай, 12 адам қайтыс болды. Тұрар Рысқұлов ауданында 4 ошақта 12 азамат Коронавирус індетін жұқтырып, арнайы ем қабылдап жатқан болатын. Ағымдағы жылдың 13-14 маусым күндері ауданнан тағы да 6 ошақтан 6 азамат індет жұқтырып, тіркеліп отыр. Науқас ошағы тіркелген Құлан, Луговой, Каменка, Жақсылық, Алғабас ауылдарында сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі.
Осыған байланысты Жамбыл облысының бас санитарлық дәрігерінің №24 қаулысы жарияланып, ол 14 маусымнан бастап күшіне енген болатын. Қаулыға сәйкес, барлық талаптарды қатаң сақтау және орындау міндетті. Орындалмаған жағдайда заңнама шеңберінде тиісті шаралар қолданылып, жауапкершілік қаралатын болады.
Індет жұқтыру фактілері отбасылық жиын, іс-шара өткізу кезінде орын алған.Осыған байланысты көпшілік жиналатын жерге бармай, карантиндік шектеуді қатаң сақтау керектігін естеріңізге саламыз. Барлық жерде тек бетпердемен жүру талап етіледі. Мерекелер, отбасылық шараларды өткізбей, көпшілік орындарға көп бармай, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау қажет. Сақ болайық! Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда!
Тұрар Рысқұлов ауданының жедел штабы.