Америка асқан азамат
Кедейлік кемдік емес. Десек те, бақуатты өмір сүру кімге жараспасын?! Бай болам деп бармаған тауы, баспаған бауы қалмаған жігіт жетерлік-ау. Ел мүддесін біріншіге қойғандар байыды. Өз мүддесін көздегендердің жебесі нысанадан мүлт кетті. Жетістік – еңбектенген адамның сыбағасы. Сөзге мақұл, іске тақұлдық танытсаң, жетістік сенен жеті атасымен қоса теріс бұрылып кетуі мүмкін.
«Ағаның өткені,інінің өткелі» деген бар. Қазір жастардың көпшілігі жақсы табыс тауып, тарықпай өмір сүруді қалайды. Бұлай армандаудың айыбы жоқ. Алайда, табыс көзін табарда сансыз жартасқа келіп соқтығысатынымыз рас. Бірінші мамандық таңдаудан қателесіп жатамыз. Қалап, таңдап, ниеттеніп емес, кейін ол мамандықпен қанша ақша табамын деген оймен таңдайтынымыз тағы да өтірік емес. Өмірім өткеніміздің бір кірпіші болсын әдемі әрі түзу қалансын десек, мамандық таңдаудан жаңылмау қажет. Қазақ ұл-қыздарының техникалық мамандықтарды таңдауға келгенде енжарлық танытатынын жиі байқаймыз осы. Сәнге айналған мамандықтарды қаламаса да еріксіз таңдай береді. Техникаға телмірген заманда техникалық мамандардың тапшылығы қатты білініп жатады. Қазақстандық компаниялардың сұранысы осы мамандар тобына жиі түседі. Алаш зиялысы Жүсіпбек Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл-жай күнелту, тамақ асырау жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген. Көп қыз-жігіттер икемі, талабы бола тұра тәуекелге бара алмайды. «Сағат сайын, сәт-сайын» техниканың түрі, жаңа бағдарламасы жарыққа шығып жатыр.Білім ғасырында осылардың бәрін меңгеруге әрбір жастың шамасы келеді. Мен өзімнің мақаламда байланыс бағдарламалаушысының карьералық жолын үлгі ретінде алғанды жөн санадым.
Жұмысын байланыс әскерлерінің қатарынан бастаған Асылбек Азипов бүгінде «Теңіз шевройл» компаниясының жобаларды басқару бөлімінің инженері. Бұл лауазымға көтерілгенше Асылбектің жақын серігі талап пен шыдам болған. Бала күнінен солай. Қазір міне, ол өзін қанағаттандыратын жалақыға ие болып, еңбегінің жемісін көріп отыр. Әскерде жүргенде 3 айдан кейін штаттан тыс взвод командирі қызметін атқарғаны да оның еңбекқор екенін көрсетсе керек. «Тамыр-таныссыз», азды-көпті тәжірибесіне сүйене отырып, «Теңіз шевройл» компаниясына әңгімелесуден соң-ақ қабылданады.
Осы қызметте радиобайланыс, бейнебайланыс қызметтерін мейлінше жақсы меңгереді. Америкалықтармен бірлесе ірі жобаларды іске асырған. Мамандығына деген адалдығы, талабы оған тек әрқашан алғыс алып келді. «Көп саланың техникамен, жаңа технологиямен тығыз байланысы болғандықтан мамандығымның болашағы зор боларына күмән келтірмедім» дейді кейіпкер. Асылбек Азипов бәсекелестік дәуірінде озып шығып, көш бастап тұратын осы техникалық мамандар болмақ дегенге кәміл сенеді.
Әрбір жас кәсіби бағдарды дұрыс алуы керек. Қате таңдау өзінен бөлек жалпы қоғамға да кері әсерін береді. Кейіпкеріміз бұл ретте жолы болған азамат.
Тұнық Гіміңтай,
Райымбек Смаилов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы. Қайыңды ауылы.